«Отбасы құндылықтары» деп аталатын шоу бағдарлама балқаштық жас жұбайларды күтеді. Конкурсқа 2019 жыл — жастар жылында отбасын құрған жас жұбайлар қатыса алады. Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін шара Ата заң күніне орай 30 тамыз күні мәдениет сарайының артқы алаңында өтеді. Басталуы кешкі 20.00-де. Отбасылық сайыс 5 кезең бойынша жүргізіледі. Жас отбасы өздерінің таныстықтары қалай, қашан басталғанын еске алады. Одан соң ерлі-зайыптылар өз шығармашылықтарын паш етіп немесе көрермендермен ойын ұйымдастырады. Екі жастың қосылуында куәгер болған адамдар жанкүйер-көрермен бола алады. Қызықты да көңілді сайысқа қатысамын деушілер 25-ші тамызға дейін мәдениет сарайы, 19-шы кабинетке жүгіне алады.
Ирина Чевтаева — балалар мен жасөспірімдер, жастармен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі: «Конкурсты өткізудегі мақсат, отбасылық құндылықты дәріптеу. 2019 жылы отау құрған немесе шаңырақ көтергендеріне жыл толған жас-жұбайларды қатысуға шақырамыз. Бас жүлде және әр түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарды марапаттайтын боламыз»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login