Балқашта шағын футболдан «Қала әкімі кубогінің» жеңімпазы анықталды

3 тамызда басталған шағын футбол турнирі өз мәресіне жетті. Қала әкімінің кубогі сарапқа салынған аяқ доп бәсекесіне 18 құрама команда қатысты. Өткен сенбіде жартылай финал мен финалдық ойындар өтті.

«Қала әкімі» кубогінің финалдық кезеңіне «Қазақмыс Смэлтинг» пен Дене шынықтыру сауықтыру кешенінің ойыншылары шықты. 1 таймның басында Қазақмыс командасы есеп ашып, алғашқы голдың авторы Руслан Естай болды. Көп күттірмей артынша 2,3-ші соққылар салынды. Ал алғашқы таймның соңында ДСК-нің ойыншылары қарсыластарына жауап ретінде 1 гол соқты.

5 минуттық үзілістен соң 2 тайм басталды. Бұл жолы Дене шынықтыру сауықтыру кешенінің футболшылары қарсыластарына тағы бір гол соғып, есе қайтарды. Артынша белсенді қимылдап, тартысты ойын басталды. Дене шынықтыру сауықтыру кешені ойыншыларының бірінен соң бірі қақпаға бағытталған добы, жоғары кетіп, есеп теңестірмесе де, қарсыластарын қыспаққа алды. Матч 3:2 есебімен «Қазақмыс смэлтингке»   жеңіс сыйлады.

Ерғазы Тіркеспаев – «Қазақмыс Смэлтинг» командасының жаттықтырушысы: «Әлсіз ойыншы болмайды. Біз үшін әр ойын кішігірім шайқас. Турнирдегі 17 команданың 8-імен ойнап жеңіп шықтық. Жартылай финалда Ағадыр командасымен ойнадық»

Ерлан Шыныбеков – «Ақжол» командасының өкілі: «Кубок акимада өнерімізді көрсеттік. Аллаға шүкір осымен 2-ші жыл, былтыр 2-ші орын алған болатынбыз Аллаһтың қалауымен биыл 3-ші орын алдық». Өз группамыздан 1-ші болып шықтық, 2-ші полуфиналда үшінші үштікке Ағадырмен ойнап, Ағадыр командасын 4:2 есебімен ұтып, Аллаһтың қалауымен 3-ші орынға ие болдық»

3 тамызда басталған шағын футбол турнирінде 3-ші орынды «Ақжол» командасы иеленді. Ал дене шынықтыру сауықтыру кешенінің ойыншылары 2-ші орынды еншілеп, команда сапындағы Мәди Тайпақов «Үздік ойыншы» деп танылды. «Қала әкімінің кубогін» турнир барысында үздік болған «Қазақмыс Смэлтинг» аяқ допшылары алды. Ал «Футболға адалдық» номинациясымен Бауыржан Искаков марапатталды.

Серікбол Бектұрғанов — шағын футболдан қала әкімі кубогі турнирінің бас төрешісі: «Кубок акима жүлдесінің турнирінің ақтық ойындары өтті. Финалда өте тартысты ойын, Қазақмыс Смэлтинг командасы ФОК командасын 3:2 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды».  «Балалар бәрі ұжымды атсалысып, жақсы ойын өрнегін көрсетті. Бұл турнирге Саяқ, қоңырат, Балқаш кентінен 18 команда қатысты»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login