Балқаш жаңалықтары 15.08.2019

  1. Алматыға барар тас жолда көлік аударылды. Жол көлік оқиғасынан 55-тегі әйел адам зардап шекті. Трасса бекетіне жол көлік оқиғасы туралы дабыл кеше кешкі 21.00 келіп түседі. Балқаштан 45 шақырымдағы Алматы бағытында «Тойота камри» автөкөлігі аударылады. Көлікте болған 55 жастағы жолаушы жапа шегіп, орталық ауруханаға жеткізілген
  2. Балқашқа  қазақстанның әр түкпірінен жиналған «Жастар керуені»  жобасының қатысушылары ат басын тіреді. 100 адамнан тұратын топ бүгін қалалық мұражайында болып одан кейін көл жағалауында тимбилдинг ұйымдастырды. Қалалық мұражайға келген белсенділерді музей  қызметкерлері қарсы алды. Жастарға музей  тарихынан сыр шертіліп, барлық көрме  залдарына саяхат жасалды. Мұражайдан кейін «Жастар керуені» көл жағалауына ат басын тіреді. Мұнда олар спорттық ойындар элементін қосып  тимбилдингтен жарыс ұйымдастырды. Барлық қатысушылар 25 адамнан 4 топқа бөлінді. Әр топқа ат қойып, өз ұрандарын ойлап тауып сынға түсті.Жобаға қатысуға қазақстанның әр түкпірінен 1500 ге жуық жастар өтінім берген. Оның ішінде 700 ең белсенді дегендері іріктеліп алынған. Бүгінде белсенді жастар 100 адамнан 7 топқа бөлініп, қазақстанның 7 өңірінде саяхаттауда.Атап айтқанда олар Батыс Қазақстан ,Ақмола,Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлордар, Қарағанды  облыстарын тамыздың 12 мен 19 аралығында аралайды. Жастардың ертеңгі бағыты Долинкадағы «Карлаг» лагері»
  3. Түрлі-түсті батпырауық, шарлар, сабын көпіршігінің шоуы. Бұл қызықтың бәрін 30 тамыз күні «Балқаш аспаны» шоу-фестивалінен тамашалай аласыздар.ҚР-ның Ата Заңы күніне орай ұйымдастырып отырған шара балқаштықтарға керемет көңіл күй сыйламақ. Балқаш аспанын батпырауықпен, шармен, сабын көпіршігімен әсемдеймін деген барша қала тұрғындары М.Хамзин атындағы мәдениет сарайына жүгіне алады. Өтінімдер 15 тамыздан бастап, 27-сіне дейін қабылданады. Шоу-фестиваль 30 тамыз күні сағат кешкі 17.00-де мәдениет сарайының артқы алаңында өтпек. Еліміздің басты Заңы күнінде белсендік танытып, Балқаш аспанын әсемдей білген қатысушыларға арнайы сыйлықтар да әзірленген
  4. Тамыз айының соңында Қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді.Қосымша демалыс Конституция күніне орай беріледі. 30 тамыз ҚР Ата Заң күні биыл жұмаға түсіп тұр. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін бұл 3 күн демалыс болып саналады. Жалпы, 2019 жылы Қазақстандықтар сенбі мен жексенбіні қосқанда  119 күн  демалады. Ең ұзақ демалыс Наурызда болған еді.  Жыл соңына дейін бізді әлі екі мереке күтуде. Алғашқысы бірінші президент күні болса, екіншісі Тәуелсіздік күні.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login