Балқашқа «Жастар керуені» жобасының қатысушылары келді

Балқашқа  Қазақстанның әр түкпірінен жиналған «Жастар керуені»  жобасының қатысушылары ат басын тіреді. 100 адамнан тұратын топ бүгін қалалық мұражайында болып одан кейін көл жағалауында тимбилдинг ұйымдастырды. Жастардың қызықты демалысын көзбен көріп қайтқан арна тілшісі тақырыпты әңгімелейді.

Қалалық мұражайға келген белсенділерді музей  қызметкерлері қарсы алды. Жастарға музей  тарихынан сыр шертіліп, барлық көрме  залдарына саяхат жасалды.  Шымкенттен Балхашқа алғаш келген  Айдын Қайыпова үшін бұл саяхаттың маңызы зор.

Айдын Қайыпова – Шымкент қаласының студенті: Қарағанды облысында Қарқаралы жерінде, сонымен қатар киелі деп отырған «Шайтанкөл» көлінде, «Үш үңгір» үңгірінде болдық, және де Теміртау қаласында болдық, яғни Назарбаев музейінде болдық, Бүгін балхашқа келіп жатырмыз.Ертең КАРЛАГ лагеріне және басқа жерлерге барамыз


Мұражайдан кейін «Жастар керуені» көл жағалауына ат басын тіреді. Мұнда олар спорттық ойындар элементін қосып  тимбилдингтен жарыс ұйымдастырды. Барлық қатысушылар 25 адамнан 4 топқа бөлінді. Әр топқа ат қойып, өз ұрандарын ойлап тауып сынға түсті.

Динара Аманқұлова – ұйымдастырушы:Тимбилдингтің мақсаты жастар тобын біріктіру, бір командада жұмыс жасау және біркелкі синхронна жұмыстар жасау  болып табылады. Шараны ұйымдастырып отқанымыз жастардың көңіл-күйлерін көтеру, өздеріне сабақ ала алады деген үміттемін.

Жобаға қатысуға Қазақстанның әр түкпірінен 1500-ге жуық жастар өтінім берген. Оның ішінде 700 ең белсенді дегендері іріктеліп алынған. Бүгінде белсенді жастар 100 адамнан 7 топқа бөлініп, Қазақстанның 7 өңірінде саяхаттауда. Атап айтқанда олар Батыс Қазақстан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлордар, Қарағанды  облыстарын тамыздың 12 мен 19 аралығында аралайды. Жастардың ертеңгі бағыты Долинкадағы «Карлаг»  лагері»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login