Төрт ауысымды қамтыған демалыс орны балаларға қызықты демалыс сыйлай білді. Бектау-Ата бөктерінде орналасқан демалыс ошағына 15 күндік 4 ауысым бойынша 250 баладан, жалпы саны 1000 оқушы барған. «Жас Қанатқа» тек Балқаштан ғана емес жан-жақтан демалушылар келген. Бір күндік «Атамекен» киіз үйлі лагерінде 125 бала демалса, оның 30 қарағандылық балақайлар. Ал бүгін лагерь басшылығы соңғы ауысымның балаларын шығарып салды. Жазғы демалыс ошағында белсенділік танытып, үлгілі тәртібімен көзге түскен балалар мен олардың ата-аналарына алғыс хаттар табыс етті. Аз уақытта бір-біріне бауыр басып, дос болған оқушылар мен лагерь басшылығы қимай қоштасты.
Дина Жолдасова – «Жас Қанат» лагерінің директоры: «Әр ауысымның өзінің ерекшеліктері болды. Бірінші сменада массовый шаралар болады бізде. 1 сменада день нептуна болса, 2 сменада день индейца дейді балалар ондайды өте жақсы көреді. День пиратов, 4 сменада день ковбоя болды. Енді іс шараның барлығы жоғары деңгейде өтті десек болады». «5 мезгіл тамақ болды. 4 сменаның ерекшелігі қымыз берілді балаларға. Қымызды біздің жас қанаттықтар жақсы ішеді екен».
Аружан Қанат – лагерь демалушысы: «Көптеген іс-шараларға қатыстық. Спорттық жарыстар болды. Тағамы да дәмді болды. Және де ол жерде бізге көптеген жақсы нәрселер үйретті. Өзіміздің денсаулығымызды дұрыс сақтауға үйретті»
Бағлан Кенбай — лагерь демалушысы: «Амангелді пищерасына, перевал соларға бардық. Лагерь өте жақсы болды ұнады. Вожатый, воспитательдар жақсы болды». «Қымыз берді, достар таптым, көп болды адам»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login