Балқашта екі көлік соқтығысты. Ленин мен Мир көшелерінің қилысында жол көлік апаты болды. Зардап шеккендер бар. Жол көлік оқиғасы 21.00 шамасында болған. Екі көлік соқтығысып, нәтижиесінде 3 адам зардап шеккен. 45 жастағы ер адам миы шайқалып, беттері жырылып, қабағы жарылған. Одан өзге 29 жастағы екі жігіт жабық ми шайқалуы және түрлі жарақаттармен травмтология бөлімінде жатыр. Жұмысшы кентінде көлік электр бағанасына соғылды. Нәтижесінде, Сәрсембаев көшесінде 85-ке жуық үй жарықсыз қалған. Оқыс оқиға жексенбі күні таңғы 5.00 шамасында болды. «Субару» маркалы көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, темірбетон бағананы соққан. Бағана қисайып, үш электр магистралін үзеді. Сондықтан, көшедегі жарықты түгел сөндіруге тура келген. «Балқашэнерго» мамандары апат орнында таңғы 10.00-ден бастап жұмыс жүргізді. Жөндеу жұмыстарына 11 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Кешкі 19.00 шамасында келеңсіздіктер жойылып, көше тұрғындарына жарық берілді. Ал, рөлде отырған 30 жастағы жігіт жабық ми шайқалу диагнозымен ауруханаға жеткізілді
Барковский маңында келе жатқан екі жасөспірімді мотоцикл қағып кеткен. Қос дөңгелекті көлік балаларды демалыс орнынан қайтып келе жатқан кезде соққан. Зардап шеккендер орталық ауруханаға шұғыл түрде жеткізілді. Оқиға демалыс күндері сағат кешкі 20.30 шамасында болған. Демалыс орнынан қайтып келе жатқан 14 және 15 жастағы жасөспірімдерді скутер соғып кеткен. Соққының қатты болғаны соншалық, екі жеткіншек жерге құлап, түрлі жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде жетіп, балаларды травмотология бөліміне алып барған. Бүгінде олардың жағдайы орташа ауыр.
Балқашта бүгінде пробация қызметінде тіркеуде тұрған 197 адам бар. Тиісті мамандар тексеріс жүргізу мақсатымен есепте тұрған жұмыссыз әйелдің үйіне барды. 4 баласы, туыстарымен бір пәтерді паналап жатқан отбасының тұрмысы төмен. Жұмысқа шығуға, балаларына бас көз болар жан керек, жолдасы болса ауруханада. Есепте тұрған осындай тұлғаларға қандай да болса әлеуметтік көмек көрсетсек деген мақсатта арнайы мамандар тексеріс жүргізуде. 2018 жылдың шілде айынан бергі 1 жыл көлемінде қаламызда 197 адам пробация қызметіне есепке алынған. Оның 17-сіне лауазымдық қызметке тыйым салынып, 4-уі қоғамдық жұмысқа жегілген, 110-ны бас бостандығынан шеттетілген, шартты түрде сотталғандар 40 болса, 2 адамның жазаны орындауы кейінге қалдырылған. Мұндай жандарға құқықтық кеңес беріп, әлеуметтік бейімдеу мақсатымен түсіндіру жұмыстары айына қажетінше бірнеше рет жүргізіледі. Ал бүгін пробация өкілдері мен прокуратура мамандары және жергілікті атқарушы орган қызметкерінен құралған жұмысшы топ қала бойынша 5 мекенжайға тоқталды
Балқашта «Мектепке жол» акциясы аясында кеңсе тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.Арзан бағадағы сатылымға 10-ға жуық кәсіпкердің тауарлары қойылды. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін бұл жерде оқушыға қажетті заттардың барлығы қойылған. Сабаққа керекті кеңсе тауарлары да, мектеп формасы да осы жәрмеңкеден табылды. Дәптер мен қалам 15 теңгеден басталса, спорттық киім мен шалбар-костюмдер 6500-ден, қыздар мен ұлдар туфлиі 4 мыңнан жоғары бағада. Бұл күні қолөнер шеберлерінің бұйымдары да көпшілікке ұсынылды. Қыз балалардың шашына тағар әшекейлер, биссерден, табиғи тас пен атластан жасалған қолөнер бұйымдары. Шеберлер оны «Мектепке жол» акциясына арнайы әзірлеген. Биылғы жылы білім бөлімі 40-қа жуық өтінішті қабылдаған. 100-ге жуық оқушының ата-анасы көмекке жүгініпті. Акция әлі де болса, жалғасын таппақ. Ал, демеуші боламын деген жергілікті кәсіпкерлер мен кәсіпорын иелеріне қыркүйек айының соңына дейін білім бөлімінің есігі ашық болмақ
Жұмысшы кенті мен көл жағалауынан 20 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Демалыс күндері қалада «Бірге – Таза Қазақстан» ұранымен экологиялық сенбілік өтті. «Сары Қазына» компаниясының жұмыскерлері Жұмысшы кентінде тазалық жүргізуде. Олар Әлімжанов көшесін Сванқұлов пен Жезказганская көшесіне дейін жинады. Бірнеше сағат ішінде 100 шақты қызметкер 20 тоннадан астам қоқысты теріп алды. Экологиялық челленджге қажетті құрал саймандар мен қоқыс салатын қаптарды компания қамтамасыз етті. Жиналған күл қоқысты жүк тиегіш пен жүк машинасына тиелді. «Казақмыс Смэлтинг» қызметкерлері көл жағалауын жинастырды. 300-ге жуық қызметкер қоқыстарды қаптарға жинап, арнайы техникаға тиеді. 4 гектар аумақтан 32 тонна қалдық шықты. Одан бөлек, кәсіпорын қызметкерлері жағалауға тұрғындарды тазалыққа шақыратын 8 үндеу стенді мен 2 қоқыс жәшігін орнатты. Еске сала кетейік, екі кәсіпорын да экочеленджге эстафетаны қала әкімінен қабылдаған болатын. Өз кезегінде «Қазақмыс Смэлтинг» компаниясы эстафета тізгінін «Балқаштүстімет» пен «Транко Экспресс» жетекшілеріне табыстады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login