Балқаш жаңалықтары 01.08.2019

  1. Биылғы жылы еліміздің ЖОО-да 50 мыңнан аса грант бөлінген. көбіне техникалық мамандықтарға басымдық берілген.Гранттар санының тең жартысы мемлекет таптсыры бойынша инженерлік, өңдеуші және құрылыс саласы, ІТ мамандарына бөлінген. Педагогика саласына 8 мыңға жуық, математика мен статистикаға 4 мыңнан астам қарастырылған. Ал 8 жарым мың студент мемлекет есебінен, ауыл шаруашылығы, бизнес, экономика мен гуманитарлық ғылым және өнер саласынан білім ала алады. 2019-2020 жылы жалпы саны 54 мыңға жуық грант бөлініп отыр
  2. «Көмек» оңалту орталығын жомарт жан жарты млн-нан аса қаржыға  жабдықтап берді. Орталық басшылығының демеушіге деген алғысы шексіз.Осыдан бірнеше ай бұрын орталық ішінде жатын төсек орындарынан басқа ештеме болмаған. Жан-жақтан жабдыққа көмек сұрап жүргенде, «Сары Қазына» мен «Қоңырат» корпоративтік қорының президенті Ник Ширлисұранысты 3 күнде-ақ қабыл алған. Нәтижесінде 600 мыңға жуық сомаға қос қабатты төсектен бастап, компьютер, ауабаптағыш, қысқа толқынды пеш т.б. керегін түгендеп берген. Сондай-ақ, қалалық мешіт тарапынан кілемдер, «Зеленстрой» орталығынан бөлме гүлдері берілген. Дағдарыс орталығына «Жанашыр» қоғамдық бірлестігіне қарасты «Көмек» орталығын сәуір айынан бері 33 адам паналаған. Оның 14-і бала. Мұнда келген жан 10 күндей қамқорлыққа алынады. Жабдықтар келгелі келушілердің саны артқан. Иелері болса орталық көлемін кеңейтсек деген ойда.  «Жанашыр» қоғамдық бірлестігіне қарасты «Көмек» орталығы Мұхамеджанов шағын ауданы №17 тұрғын үй 29 пәтерде орналасқан
  3. Кәмелет жасқа толмаған балқаштық ару мас күйінде көлік жүргізгені үшін 25 мың теңге айыппұл арқалады. Қозғалыс барысында тәртіп бұзушы  жол жиегінде тұрған өзге көлікке соқтығысқан.Жол көлік оқиғасы  Уәлиханов  көшесі 8-ші  үйдің маңында болған.16 жастағы қала тұрғыны таңғы  08.30 шамасында  көпқабатты үйдің есік алдында көлікті айдаған. Ол рөлге мас күйінде отырғанымен қоса, оның жүргізуші куәлігі болмаған.  Қозғалыс барысында арудың көлігі жол жиегінде тұрған Лексус маркалы автокөлікке соқтығысқан. Сотта қыз бар кінәсін мойындады. Ал, оның ата-анасы өз кезегінде бойжеткенің тәрбиесімен айналысатынын алға тартты.  Сот шешімі бойынша тәртіп бұзушыға 25 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Одан өзге оның ата-анасына заңды түсіндіру арқылы баласымен  тәрбие жұмысын жүргізу жөнінде шешім қабылданды
  4. Тораңғылық пен Шұбар-түбек кенттерін бір демалыс орнына біріктіру жоспарлануда. Қарағанды облысы маслихат депутаттары Балқашқа арнайы келіп, жиын өткізді. Шарада аймақтағы туризмның дамуы  талқыланды.  Жыл сайын Балхашта 80 мыңнан астам турист  демалады. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 4 есеге арттыру жоспарда бар. 2018 жылы Балқаш жағалауы Қазақстандағы үздік туристік аймақтардың ондығына  кірген.  Елдегі туризмді дамыту бағдарламасы бойынша алдағы уақытта Бертыс айлағында электр жарығы, су құбыры,  кәріз желісін тарту секілді инфрақұрылым жүргізіледі. Оған 4 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Желтоқсан көшесінен бастап, Ақ тас аймағына ұзындығы 12 шақырымдық желі тартылады. Ал көл жағалауында 93 гектар аумаққа  велосипед тебетін, спортпен айналысатын және балаларға арналған алаң пайда болады. Бүгінде Балқаш қаласының маңындағы  жағалауда  10 демалыс орны жұмыс істеп тұр. Олар 500-ге жуық  демалушыға шақталған. Алдағы уақытта тағы 247 адамға арналған   6 нысан салыну жоспарда бар
  5. Балқаштық ата-аналарды канцелярлық тауарларды жеңілдетілген  арзан бағада сатып алуға шақырады. Қалада мектеп жәрмеңкесі өтеді. 2 тамыз күні таңғы 10.00-де Тәуелсіздік алаңында жергілікті кәсіпкерлер өз тауарларын  тұтынушыларға ұсынады.  Ассортиментте мектеп формасы, сөмкелер мен канцелярлық тауарлар болады.  Одан бөлек, ата-аналар қаладағы қолөнер шеберлері ұсынған ерекше аксесуарларға қол жеткізе алады.  Аталмыш шара  «Мектепке жол»  акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.  Жәрмеңке 18.00-ге дейін жалғасады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login