Балқашта 10-шы шағын ауданда 45 пәтерлі жаңа тұрғын үй бой көтереді. Құрылыс жұмыстарына 400 млн теңге қаржы жұмсалмақ. Жоспар бойынша биылғы жылы тағы бір көпқабатты құрылыс нысаны салынбақ. Құрылыс аумағында бүгінде қарқынды жұмыс жүруде. Мердігер ұйымның мамандары салынар тұрғын үйдің қазаншұңқырын қазуда. 50 х 12 метр көлеміндегі шұңқырлар қазылып қойған. Құрылыс негізі әлі 1 аптаға созылмақ. Одан соң тұтасқұймаға көшеді. Нысан аумағында 10 адам мен 5 техника жұмыс жасауда.
Саятбек Мусин – құрылыс бөлімінің жетекшісі: «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл міне 19-шы үйдің құрылысын бастап жатырмыз. Конкурстық нәтижесі бойынша «Жібек жолы» компаниясы жеңіп алған болатын». Қазіргі күнде мына үйлерге керекті инфрақұрылымдардың конкурсы өткізіліп жатыр. Конкурс нәтижесі бойынша жұмыстар жүргізіледі»
Нысан құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынуда. 45 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысы 418 млн қаржыны құрайды. Республикалық бюджеттен биыл соның 200 млн-ны бөлініп отыр. Қалған сома келер жылы аударылмақ.
Саятбек Мусин – құрылыс бөлімінің жетекшісі: «Бұл үйлер қазіргі күнде несиеге берілетін үйлер болады. Алдымен несиеге кезекте тұрған адамдар алады. Қалғанын қаланың тұрғындары жинақ банктен счет ашқандар ала алады»
Биылдан қалмай осы жерде дәл осындай 45 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысы басталады. Мердігер компания болса қаржының аударылғанын күтіп отыр. Ол нысан 470 млн-ға тұрғызылмақ. Көпқабатты үйлер құрылысы 2020 жылдың желтоқсанынан қалмай аяқталуы тиіс.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login