Балқашта жұмысшы кентінің кішкентай тұрғыны Төтенше Жағдайлар қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызды. Бала даладан снаряд тауып алып, оны үйіне апарған. Кеше қалалық төтенше жағдайлар басқармасына Металлург көшесіндегі үйден жарылғыш зат табылғандығы туралы хабар түседі. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері мен құтқарушылар баланы сұрақтың астына алып, оқты қайдан алғанын анықтайды. Бүлдіршін снарядты Сәрсембаев көшесіндегі гараж аумағынан тапқан. Дереу айтылған мекен жайға жеткен мамандар тот басқан, көлемдері әр түрлі 60 тан аса жарылғыш затты көреді. Кейін дереу сапёрлар шақыртылып, табылған оқтардың қауіпсіз екенін анықтайды. Ал бүгін мамандар «Тоқырау» полигонына апарып снарядтардың көзін жойды
Жыл басынан бері Қарағанды облысында 60 адам жол апатынан көз жұмды. Жалпы орталық өңір бойынша 250-ге жуық жол көлік оқиғасы тіркеліп, апаты саны былтырғы жылмен салыстырғанда 21% өскен. Ең қауіпті аймақ Балқаш-Қарағанды тас жолы. Жолдың бұл бөлігімен күніне сағатына 500 ден астам көлік қатынайды. Ал 2019 жылы жарты жыл ішінде облыста 249 жол көлік оқиғасы болып, одан 61 адам көз жұмған. Одан өзге 312 азамат зардап шеккен. Жергілікті полиция қызметкерлерімен 92 мың жол ережесін бұзу фактісі тіркелген. Балқашта жыл басынан бері 6 жол апаты болған. Нәтижесінде 2 адам көз жұмып, 11 тұрғын ауыр жарақат алды. Қала көшелерінде тәртіп сақшылары 4 мыңнан астам ереже бұзушылық тіркеген. Жол апатының алдын алу үшін бүгін мамандар рейдке шықты. Республика бойынша «Қауіпсіз жол» акциясы өтуде. Полиция қызметкерлері барлық жүргізушілерге жолда жүру ережесі жазылған үнқағаздар таратты. Акция 28 шілдеге дейін жалғасады
Қарағандыда бірегей ферроқорытпа «YDD Corporation» зауыты іске қосылды. Инновациялық технологияға негізделген ферросилиций өндірісі Қазақстандағы ең таза экологиялық зауыт болмақ. Алғашқы жылы 180 мың тонна ферросилиций өндіру жоспарланған. Келешекте бұл көрсеткіш 240 мың тонна жетпек. Өндіріс ошағының ашылу салтанатына үкімет басшысы және шет ел делегаттары келді. Премьер-министр Асқар Мамин және зауыт құрылтайшылары арнайы тетікті басып, зауытты іске қосты. Өндірілген өнім 100 пайыз экспортқа шығарылады. Негізгі көлемі Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея, АҚШ және Еуропалық Одақ елдеріне экспортталады. Қазақстандық қамтудың үлесі 94 пайыздан көп болады. Экология мәселесі де ұмыт қалмаған. Зауытта газдан тазалайтын заманауи жүйе ауаны 100 пайыз таза ұстамақ
Балқашта пәтер алуға 2 пайызбен несие беріледі. Мұндай жеңілдік «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында қарастырылған. Ал 2 пайыздық несие тек көпбалалы отбасыларға, асыраушысынан айырылған және мүгедек жандарды асырап отырған жанұяларға беріледі. Тұрғындар 6 млннан бастап 15 млн тг дейінгі аралықтағы қаржыны 15 немесе 20 жылға дейін рәсімдей алады. «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысып, баспаналы болу үшін Тұрғын үй Коммуналдық Шаруашылығына барып, құжаттарды өткізу қажет. Құжаттарды қабылдау 29 шілдеге дейін созылады. Айта кетейік, бұл бағдарламаның шарты бойынша пәтер ақысының 10 пайызы «Тұрғын үй жинақ» банкінде жеке шотта сақтаулы болуы тиіс.
«Бақытты отбасы» бағдарламасына қажет құжаттар тізімі:
Өтініш берушінің жеке куәлігі (түпнұсқа, көшірме)
Балалардың туу туралы куәліктері (түпнұсқа, көшірме)
Соңғы 12 ай ішіндегі табыс мөлшерін көрсететін анықтама (түпнұсқа)
Тұрғылықты жерден мекенжай анықтамасы
ҚР аумағында жылжымайтын мүліктің жоқтығын растайтын анықтама (отбасының барлық мүшесіне)
Әлеуметтік көмек алатынын растайтын құжат
5. 6 балқаштықтық әйел өз кәсібін бастауға грант ұтып алды. Қайтарымсыз қаржы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында берілді. Естерінізге сала кетсек өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған көпбалалы және жұмыссыз әйелдер «Атамекен»ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған семинарға қатысып, кәсіпкерліктің негіздерін үйренген болатын. Шілде айының басында 20 адам комиссия мүшелерінің алдында бизнес жобаларын қорғады. Сол жандардың арасынан 6 адамның бизнес жобасы мақұлданды. Грант иелерінің біріне жарты млн, ал қалғандарына 252 500 теңгеден берілді. Бизнесвумендердің бірі сабын өндірісін қолға алса, енді бірі ұлттық нақыштағы киім тігуді бастамақ
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login