«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пәтер алуға 2 пайызбен несие беріледі

Балқашта пәтер алуға 2 пайызбен несие беріледі. Мұндай жеңілдік  «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында қарастырылған. Ал 2 пайыздық несие тек көпбалалы отбасыларға, асыраушысынан айырылған  және мүгедек жандарды асырап отырған жанұяларға беріледі. Тұрғындар 6 млннан бастап 15 млн тг дейінгі аралықтағы қаржыны 15 немесе 20 жылға дейін рәсімдей алады. «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысып, баспаналы болу үшін Тұрғын үй Коммуналдық Шаруашылығына барып, төмендегі құжаттарды өткізу қажет. Құжаттарды қабылдау 29 шілдеге дейін созылады. Айта кетейік, бұл бағдарламаның шарты бойынша пәтер ақысының 10 пайызы «Тұрғын үй жинақ» банкінде  жеке шотта сақтаулы болуы тиіс.

                  «Бақытты отбасы» бағдарламасына қажет құжаттар тізімі:

1) Өтініш берушінің  жеке куәлік (түпнұсқа, көшірме)

2) Балалардың туу туралы куәліктері (түпнұсқа, көшірме)

3) Соңғы 12 ай ішіндегі табыс мөлшерін көрсететін анықтама (түпнұсқа)

4) Тұрғылықты жерден мекенжай анықтамасы

5) ҚР аумағында жылжымайтын мүліктің жоқтығын растайтын  анықтама (отбасының барлық мүшесіне)

6) Әлеуметтік көмек алатынын растайтын құжат

Нұрболат Бөлеген – Балқаш қаласы ТКШ бөлімі басшысының орынбасары: «Қажетті құжаттардың тізімі ол азаматтардың жеке құжаттары, балаларының құжаттары, қазақстан аумағында тұрғын үйлдің жоқтығы жайлы анықтама, адресная справкалары, одан бөлек жылдық табысын көрсетіп бізге өткізе алады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login