Мәдениет сарайының концерт залы жөндеу жұмысына жабылды. Биыл залдың қабырғасы мен төбесі жаңаланады. Одан бөлек ғимараттың 2 және 3 қабатына да жөндеу жүргізілуде. Құрылысшылар үлкен залдағы баспалдақтарды сырлап жатыр. Одан кейін залдың төбесіндегі сыры кеткен аймақтарды бояуға көшеді. Мәдениет сарайы ашылғалы бері келе жатқан, 67 жылдық тарихы бар ескі суреттер сақталады. Ал қабырға майлы бояумен боялады. Ғимараттың дәлізі мен баспалдақ алаңында жұмысшы топ төбе мен қабырғаны тегістеуде. Қалған жұмысшылар жылу радиаторларын сырлауда. Мәдениет сарайының екінші жартысында жөндеу жұмыстары аяқталды. Бүгінде баспалдақ таянышы алтын түске енсе, қабырғалары ақ түске боялған.Қазіргі таңда екінші, үшінші қабатты қоса алғанда барлығы 30-дан астам кабинет жөндеуден өтті. Тамыз айының аяғына дейін 600 шаршы метр баспалдақ пен дәліз алаңдары сырланатын болады. 30 кабинеттің есігі жаңаға ауыстырылып, 3 санитарлық торап жөндеуден өтеді
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы мерзімінен ерте басталды. Акция биыл Президенттің тапсырмасы бойынша жылдағыдай 1 тамызда емес, бір айға ерте басталды. 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Шараға қала тұрғындарының да атсалысуға мүмкіндіктері бар. Мектепке қажетті құрал жабдықтар мен киім кешек әкеліп өткізуге болады. Қаржылай көмекте қабылданады. Толық ақпаратты қалалық білім бөлімі, 13-ші кабинеттен біле аласыздар
Қарағанды облысында медицина қызметкерлеріне 100 пәтер беріледі. Бұл акция «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Маман тапшы аймаққа барған жас дәрігер баспананың жобасын және дизайнын өз таңдайды. Биылдан бастап оларға осындай мүмкіндік беріліп отыр. 100 пәтердің 28-і Қарақаралыда, 60-ы Теміртауда, 12-і Қаражал қаласында. Одан бөлек әр жас маманға 250 мың тг көлемінде көтерме жәрдемақы төленеді. Ниет білдірген дәрігерлер аудан әкімдігіне жүгініп, қажетті құжаттарды жинау қажет. Барлық медицина мамандарының өтініші қаралады. Акушер гениколог, неонотолог, инфекционист және жалпы практика дәрігерлеріне баса назар аударылды. Себебі осы мамандық иелері облыста тапшы
Суицид бойынша Қазақстан Орта Азияда бірінші орында. Душанбеде Орталық Азия университетінде өзіне қол жұмсау бойынша 30 жылға созылған зерттеу нәтижесі жарияланды.Оның қорытындысы бойынша әлемде жылына 1,5 миллион адам өз өмірімен қоштасады екен. Оның 76 проценті табысы орта және төмен елдерде болса, 60 проценті Азия елдерінде жасалған. Орталық Азияның өзге елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда өзіне қол жұмсайтындар саны көп — 48,1% құрайды. Бұл көрсеткіш Түркіменстанда 15,8%, Өзбекстанда 13,6%, Қырғызстанда 13,4%. Ғалымдар Азия елдерінде ислам ұстанатын мұсылмандар тұрса да, мұндай ауыр күнәні жасау көрсеткіші еш азаймағанын алға тартып отыр.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login