Маммограф аппараты диагностикалық орталыққа көшті

Балқаштық әйелдер маммографиялық тексерістен ендігіде жаңа мекенжай бойынша өте алады. Маммограф аппараты диагностикалық орталыққа көшті. Емделушілер сүт безін таңғы 8.00-ден түскі 15.00-ге дейін қарата алады. Мамамографпен қатар, физиологиялық емдеу кабинеті де жаңа орынға көшті. Электрофорез, қыздыру секілді ем шараларын диагностикалық орталықтың екінші қабатынан таба аласыздар. Бұған дейін екі кабинет мамандары Қазбекова көшесіндегі №1 емханада қабылдаған болатын.

Виталий Омаров — профилактика және әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі: «Тұрғындар бізге негізінен флюрографияға түсуге келеді. Ендігіде, әрі бері емханадан емханаға жүре бермей маммографияға осы жерден түсе алады.  Орталықтандырып, сала мамандарының басын қостық»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login