Балқашта серуендеуге арналған жаңа орын пайда болады. Осы жазда Тәуелсіздік алаңының аумағы кеңейтіледі. Қазіргі таңда мердігер компания брусчатка мен асфальт төселеу үшін жер телімін тегістеп жатыр. Алайда қазу жұмыстары кезінде жұмысшы топ қиындыққа тап болған. Жер асты жартасты болып шыққан. Енді мамандар тасты ұсақтау үшін арнайы техника күтіп отыр. Қазу жұмытары біткеннен кейін, аумаққа ұсақ тастар төселеді.Одан кейін брусчатка салуға кіріседі. Жалпы 5 мың шаршы метр жер аббаттандырылады. Кейін бұл жерге жерге сәкілер қойылып, қоқыс тастайтын жәшіктер мен жарық шамдары орнатылады. Сонымен бірге автотұрақ пайда болады
12-13 шілде аралығында Қарағанды облысында аптап ыстық күтілуде. Ертең және бүрсігүні ауа температурасы күндіз 40-43 жетеді. Мұндай ауа райы әсіресе қан қысымы жоғары жандар мен жүрек дертіне шалдыққандар үшін қауіпті. Бүгін дәрігерлер бізге күн тиюден қорғану жолдарын айтты
Балқаштық жас спортшылар халықаралық фестивальден 5 қола жүлдемен оралды. Жекпе-жек түрлерінен өткен сайыс Қырғыстан мемлекетінде ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Тәджікістан, Қырғыстаннан 10 мен 18 және одан жоғары жастағы 500 спортшы қатысты. Оның ішінде 10 бала Балқаштан барған. Сайыс 5 спорт түрінен өтті. Атап айтқанда кикбокс, ММА, қоян қолтық ұрыс, ушу саньда, тай боксы. Балқаштықтар кикбокс пен ушу сандьдадан 5 қола иеленді. Атап айтсақ, Алан Маймышев 36 келіде, Александр Бульцевич 36 кг, Роман Нығматуллин 42 келі салмақ және жеңіске жетті. Ал 52 келіде жекпе жек өткізген Руслан Лукьянчук екі спорт түрінен екі қола олжалады
11 шілде тәттіқұмарлар мерекесі, дүниежүзілік шоколад күні. Оны 1955 жылы француздар ойлап тапқан. Шоколадты тұңғыш рет ацтектер жасап үйренді деп саналады
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login