Балқаш қаласына жаңа әкім сайланды. Жаңа жетекшіні облыс басшысы Ерлан Қошанов өзі келіп таныстырды. Бұдан былай мысшы шаһарды Ораз Тәуірбеков басқарады. Бұған дейін Қарағанды облысының қаржы басқармасына жетекшілік еткен. Ал экс әкім Александр Аглиулин өз қалауы бойынша орнын босатты. Ораз Тәуірбеков 1968 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Үш жоғарғы білімі бар. 1991 жылы жоғары суасты әскери теңіз училишесін аяқтаған. Инженер штурман. 1996 жылы ҚР Еңбек министрлігінің жанындағы Қарағанды институтында қаржыгер есепші мамандығы бойынша біліктілігін арттырады. 2003 жылы Ресейде қаржы академиясында қайта даярлықтан өткен. Ал еңбек жолын 1994 жылы Қарағанды облысында салық инспекторы болып бастаған. 1998 жылы Қарағанды қаласының салық комитетінің төрағасы болып тағайындалды. 1999 жылы Ұлттық теңіз кеме компанияcы басқармасында төраға қызметін атқарды. 1 жыл өтпей қайта салық саласына қайта оралып, Павлодарда, Астанада, ҚР қаржы министірлігінде түрлі лауазымда жұмыс істейді. 2011 ден 2017 жылдар арасында Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болған. Ал 2017 жылдан бастап облыстық экономика басқармасына жетекшілік еткен. Үйленген, бүгінде 4 баланың әкесі. Ал балқаштың экс басшысы Александр Аглиуллин өз еркімен орнын босатты. Ол балқашты 4 жыл бойы басқарды. Осы уақыт аралығында диагностикалық кеңестік орталық бой көтеріп, 320 орындық жаңа бала бақша ашылды. Одан өзге қалалық жүзу бассейні қалпына келтіріліп, қайта ашылды. Қоңырат мөлтек ауданы мен пен балқашта 250 отбасы баспаналы болды. Қаланың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында мәдениет сарайының арты аббаттандырылып, көрікті орынға айналды. Бүгінгі жиында облыс әкімі Ерлан Қошанов Александр Аглиулинға еңбегі үшін рахмет айтып, алғыс хат табыстады
Болашаққа қадам! «Балқаш қаласы кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілерінің Одағы» жастарды бизнес бастауға шақырады. Сол мақсатпен 5 млн тг грант бөліп отыр. Қазір байқау жарияланды. Оған өз жеке бизнесін бастауды армандап жүрген немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін одан әрі дамытқысы келетін 29 жасқа дейінгі қала тұрғындары қатыса алады. Грантқа үміткерлер экранда көрсетілген құжаттарды жинап Шашубай мөлтек ауданы «Күлия» бизнес орталығында орналасқан «Балқаш қаласы кәсіпкерлері мен өнеркәсіпшілерінің Одағына апарып өткізу керек. Конкурсқа құжаттар қабылдау бүгіннен басталды. Мерзімі 20 тамыз дейін. келе алады. Әр үміткердің 1 млн теңгеге дейін қайтарымсыз қаржы ұтып алуға мүмкіндігі бар
Балқашта «Көмек» оңалту орталығы үй күйсіз жүрген әйелге отбасын табуға жәрдемдесті. Айғаным Әбілдинаны туыстары 10 жылдан астам уақыт іздеген. Әйел Жезқазған қаласындағы ата анасының үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бүгін Айғаным ұзақ уақыт бойы көрмеген өмірлік серігімен кездесті. Ол 10 жылдан кейін күйеуін алғаш көріп отыр. Жолдасы Саран қаласынан оны алып кетуге келген. Ерлі зайыптылардың 4 баласы бар. Ең үлкені 27, ең кішісі 17 жаста. Күйеуінің айтуынша, әйелі төркініне қонаққа барған кезде жоғалып кеткен. Белгілі болғандай, Айғаным Әбілдина отбасымен бірге Шет ауданында тұрыпты. Мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Жоғалар алдында әйел өз ата-анасының үйіне Жезқазғанға қонаққа кеткен. Ол жақтан Қарағандыға барыпты. Әйелдің айтуынша ол сонда есін жоғалтқан. Балқашқа қалай келгенін білмейді. Ал мұнда қала тұрғындары берген тамақ пен ақшаға күн көрген. Жазда далада, қыста ауруханада күнелткен. «Көмек» оңалту орталығына Айғаным Әбілдинаның келгеніне 10 күндей болған. Сол аралықта орталық қызметкерлері оның туыстарын тауып Балқашқа шақыртқан. Бүгін оны өзімен алып кетуге күйеуі келді. Ол әйелінің құжаттарын қалпына келтіріп, денсаулығын тексертпек.
Кепілді тегін медициналық көмектің кейбір түрлері елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырусыз қолжетімді болады. Бұл туралы медицина қызметкерлерінің қатысуымен өткен семинарда айтылды. Елордадан келген мамандардың айтуынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық сақтандырудың екі пакеті жұмыс істейді. Бірі кепілдендірілген тегін медициналық көмек. Ол бойынша азаматтар шұғыл түрде медициналық көмек жүгініп, ақысыз скринингтік тексерістен өтеді. Одан бөлек, вич, туберкулез секілді түрлі дерттерге шалдыққан тұрғындарға дәрілік препараттар тегін беріледі. Екіншісі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Бұл пакет диагностикалық көмекке, қымбат лабароториялық тексеріс, жоспарланған стационарлық ем қабылдау секілді мүмкіндіктерді қарастырған. Айта кетейік, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап әрбір азамат немесе жұмыс беруші ай сайын медициналық сақтандыру қорына белгілі мөлшерде қаражат аударып отыруға міндеттеледі. Ал зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы ана мен 18 жасқа дейінгі балалар үшін қаржыны мемлекет төлейді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login