Балқаш қорытынды жаңалықтары 05.07.2019

  1. Шашубай кентіне барар жолда жол апатына ұшыраған зардап шегушілердің бірі  жан сақтау бөліміне түсті. Оған ота жасалды. Естеріңізге сала кетсек, Шашубай кентіне барар жолда кеше жол апаты болды. Ескі алаң маңында тайота мен ауди соқтығысқан. Салдарынан үш адам зардап шеккен болатын. Екеуі травматология бөліміне түсті. Дәрігерлердің айтуынша ер мен әйел адамның бас миы шайқалған, жақ пен мұрны сынған. Ал үшінші зардап шегушіге ота жасалды. Қазір ер адам жан сақтау бөлімінде. Жағдайы тұрақты, ауыр
  2. Бір отбасындағы төрт адамның өмірін жалмаған жол апатынан жалғыз аман қалған  7 жастағы қыз бала әлі жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Жантүршігерлік оқиға кеше таңғы 9.00 шамасында Гүлшат кентінің маңында болды. «БМВ» жеңіл көлігі жүк көлігіне соқтығысқан. Салдарынан  автомобильде отырған бір жанұяның төрт адамы қаза тапты. 45 және 40-жастағы ер мен әйел, 17-дегі бойжеткен және екі жасар бүлдіршін көз жұмды.Жол апатынан тек 7 жасар қыз аман қалды. Қазір Балқаштағы орталық ауруханада жансақтау бөлімінде. Баланың қабырғасы сынып, өкпесіне зақым келген. Бас жарақатын алған
  3. Балқашта сатушысы жасөспірімге сыра сатқаны үшін  дүкен иесі алкаголь өнімін сату  құқығынан айырылды. Оған қоса кәсіпкерге қомақты айыппұл салынды. Аталмыш заң бұзушылық үстіміздегі жылдың наурыз айында болған. Спицын көшесіндегі дүкенде    сатушы жеке бас куәлігін сұрамастан жасөспірімге бір шөлмек сыра сатқан. Ол шыққан бетте полиция қызметкерлері келіп, заңбұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Анықталғандай дүкен сатушылары бір жылда осымен екінші рет кәмелетке толмаған жеткіншекке алкаголь сатқан. Сол үшін алғашқыда кәсіпкерге 67 мың тг айыппұл салыныпты. Алайда заң бұзушылық қайталанғандықтан бұл сома 3 есеге артып,  дүкен иесіне мемлекет қазынасына  200 мың тг астам қаржы төлеуге тура келді. Оған қоса сот шешімі бойынша ішімдік сату лицензиясынан айырылды
  4. Рұқсатсыз 2 тоннадан астам балық тасымалдаған Ақмола облысының азаматы ұсталды. Заңсыз олжа Балқаш көлінде ауланған. Полиция қызметкерлері «Алматы-Екатеринбург» тас жолында газель көлігін тоқтатқан. Тексеріс барысында 50 қапқа салынған 2 тоннадан астам балық табылыпты. Оның ішінде ақбалық, сом, сазан, жыланбас, көксерке, секілді түрлері бар. Ал көлікті 36 жастағы Ақмола облысының тұрғыны басқарған. Жүргізуші балықты Балқаш қаласынан белгісіз  азаматтан ешқандай құжаттарсыз алған мойындаған.  Қазір аталған факт бойынша сотқа дейін тергеу амалдары басталды
  5. Балқашта жасыл желекке арналған су талдарды емес аула мен жолдарды суаруда. Есік алдына жайылған судан әсіресе 64-ші  орам мен 1 мөлтек ауданының тұрғындары зардап шегіп отыр. Жертөле мен аула сасып, шыбын шіркей үймелей бастаған
  6. Балқашта 14 мың шаршы метр брусчатка төселеді.  Биыл 7 көшеде жаяу жүргіншілерге арналған тротуар пайда болады.  Тізімде Қоңырат мөлтек ауданы  мен Балқаш станциясы да бар. Бүгінде мердігер компания мамандары Қоңырат мөлтек ауданындағы Зайцев көшесіне брусчатка төсеуде. Жаяу жүргіншілерге арналған тротуар осы жазда Қоңыратта тағы екі көшеде атап айтсақ Алтынсарин және Балхашскаяда  пайда болады. Брусчатка Қоңырат мөлтек ауданынан өзге Балқаш станциясының орталық көшелеріне де төселеді. Ал қаламызда Уалиханов, Рысқұлов және Желтоқсан көшелеріне тротуар салынады. Қазіргі таңда бұл жұмыстарды  20 адамнан құралған 3 бригада атқаруда. Жоспар бойынша брусчатка төсеу тамыз айының соңына дейін аяқталуы тиіс
  7. Қалада  «Жасыл ел» жасағы  өз жұмысын бастады. Биыл жазды тиімді әрі пайдалы өткізгісі келетіндер саны 3 есеге артқан. Үш маусымға жоспарланған  жұмысқа былтыр 30 адам ғана қабылданса, биыл 90 адам еңбекке араласады
  8. Балқаш тұрғындарын  көлде жүзіп жүрген жылан қорқытты.  Демалуға келген тұрғындардың бірі жорғалаушыны видеоға түсіріп, мессенджер арқылы елген таратқан. Қарағандыдағы  зообақтың герпетологы бейнежазбадағы жорғалаушының қарапайым су жыланын екенін айтып отыр. Алматылық герпетолог Тимофей Банниковта бұл мәліметті растады. Мамандардың айтуынша су жыланы адамдар үшін қауіпсіз. Себебі улы емес. Ең басты тамағы балық. Аулаған жемтігін су астында жей алмайтындықтан, жағаға шығады екен
  9. Балқаш коледждері талапкерлерді қабылдауға әзір. Бүгінде Балқашта орта білім беретін 7 оқу орны бар.  Онда 30-ға жуық мамандық оқытылады.  Қазір әрқайсында қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады
  10. Жат ағымның жетегінде кетіп, ислам дінінің атын жамылғандардың арбауына түспеу үшін  не істеу қажет? Бұл сауалға рухани адамгершілік тәрбие мамандары және теологтар  жауап берді. Олар жылу электр станциясында болып, жұмыскерлермен кездесті. Кездесуде ҚарМТУ-нің оқытушысы, рухани адамгершілік тәрбие кеңесі төрағасының орынбасары Жарқын Түсіпбеков алғаш болып сөз алды. Исламның пайда болу тарихын әріден қозғап, бүгінгі тәуелсіз қазақ еліндегі мемлекеттік дін статусына тоқталды. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда үкіметтік емес ұйымдардың рөлі зор екенін басты назарға алды. «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігінен келген Гүлнар Далабаева  Қазақстандағы діни бірлестіктер мен конфессия жайлы сөз қозғады. Мамандар тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша діни экстремизмнің алдын-алу туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Осы уақытқа дейін облысымыздың бірнеше өңірлеріне барып, кездесулер өткізген
  11. Балқаштық дәрігерлер жыл басынан бері 400-ден аса ота жасаған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 50 отаға көп. Емделушілердің көбі лор және урологиялық емдеу шарасы үшін пышаққа түседі екен. Тақырыпты тілшіміз толықтырады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login