Балқаш маңында жол апатынан бір отбасының 4 адамы қаза тапты. Оның екеуі кәмелет жасына толмаған балалар. Қайғылы оқиға бүгін таңғы 9-дар шамасында «Балқаш-Алматы» автожолында болды. Гүлшат кентіне 10 шақырым жетпей «БМВ» мен жүк көлігі соқтығысқан. Жеңіл көлік тізгініндегі 45 жастағы азамат рөлге ие бола алмай, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Ауыр соққыдан жеңіл көліктегі 5 жолаушының төртеуі оқиға орнында қаза тапты. 45 және 40-жастағы ер мен әйел, 17 жастағы бойжеткен және екі жасар бүлдіршін көз жұмды. Жол апатынан тек 7 жасар қыз аман қалды. Қазір Балқаштағы орталық ауруханада жансақтау бөлімінде. Баланың қабырғасы сынып, өкпесіне зақым келген. Бас жарақатын алған. Алдын-ала деректерге жүгінсек отбасы мүшелері Оңтүстік Қазақстан облысынан жолға шыққан
Шашубай кентіне барар жолда тағы бір жол апаты болды. Ескі алаң маңында ауди мен тайота сақтығысқан. Алдын ала мәліметке сүйенсек, үш адам зардап шекті. Барлығы да орталық ауруханаға жеткізілді. Қазір апаттың себебі анықталу үстінде
Балқашта жасыл желекке арналған су талдарды емес аула мен жолдарды суаруда. Есік алдына жайылған судан әсіресе 64-ші орам мен 1 мөлтек ауданының тұрғындары зардап шегіп отыр. Жертөле мен аула сасып, шыбын шіркей үймелей бастаған
Балқашта өз-өзін жұмыспен қамтып отырған әйелдер мен көпбалалы аналар және жұмыссыздар өздерінің бизнес жобаларын қорғады. Олар бір ай көлемінде «Бизнес Бастау» жобасы бойынша семинарға қатысып, кәсіпкерліктің негізін үйренген болатын. Алған білімдерін бизнес жоспарға айналдырып, 20 адам коммисия мүшелерінің алдында өз жобаларын қорғады. Жақында грант бойынша конкурста ұйымдастырылады. Егер онда әйелдердің бизнес жобалары мақұлданып жатса, онда 250 мыңнан жарты миллион теңгеге дейін қайтарымсыз қаржы ұтып алып, өз кәсіптерін бастайды
Балқаштық кәсіпкерлерді «Қазақстанның Үздік тауары – 2019» конкурсына қатысуға шақырады. Байқаудың облыстық кезеңі шілде айында өтеді. Ал жеңімпаздар республикада бақ сынайды. Конкурсқа қатысу үшін шілде айынының 10-на дейін қалалық кәсіпкерлер палатасына барып, өтініш толтыру қажет. Байқауға заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер қатысады. 3 номинация бойынша бақтарын сынайды: «Өндірістік мақсаттағы ең үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Ең үздік азық-түлік тауарлары». Облыстық кезеңде озық шыққан 9 қатысушыға қазан айында Нұрсұлтан қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама беріледі
Жас шамасы 12-ден бастап 54-ке дейінгі қазақстандықтардың 80% интернет желісін тұрақты қолданады екен. Бұл дегеніміз халықтың 5 млн-нан астамы. Ғаламторда отыратын жандардың басым көпшілігі нәзік жандар.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login