Балқашта сатушы жасөспірімге сыра сатқаны үшін дүкен иесі алкаголь өнімін сату құқығынан айырылды. Оған қоса кәсіпкерге қомақты айыппұл салынды.Аталмыш заң бұзушылық үстіміздегі жылдың наурыз айында болған. Спицын көшесіндегі дүкенде сатушы жеке бас куәлігін сұрамастан жасөспірімге бір шөлмек сыра сатқан. Ол шыққан бетте полиция қызметкерлері келіп, заңбұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырған. Анықталғандай дүкен сатушылары бір жылда осымен екінші рет кәмелетке толмаған жеткіншекке алкаголь сатқан. Сол үшін алғашқыда кәсіпкерге 67 мың тг айыппұл салыныпты. Алайда заң бұзушылық қайталанғандықтан бұл сома 3 есеге артып, дүкен иесіне мемлекет қазынасына 200 мың тг астам қаржы төлеуге тура келді. Оған қоса сот шешімі бойынша ішімдік сату лицензиясынан айырылды
Рұқсатсыз 2 тоннадан астам балық тасымалдаған Ақмола облысының азаматы ұсталды. Заңсыз олжа Балқаш көлінде ауланған. Полиция қызметкерлері «Алматы-Екатеринбург» тас жолында газель көлігін тоқтатқан. Тексеріс барысында 50 қапқа салынған 2 тоннадан астам балық табылыпты. Оның ішінде ақбалық, сом, сазан, жыланбас, көксерке, секілді түрлері бар. Ал көлікті 36 жастағы Ақмола облысының тұрғыны басқарған. Жүргізуші балықты Балқаш қаласынан белгісіз азаматтан ешқандай құжаттарсыз алған мойындаған. Қазір аталған факт бойынша сотқа дейін тергеу амалдары басталды
Балқаш тұрғындарын көлде жүзіп жүрген жылан қорқытты. Демалуға келген тұрғындардың бірі жорғалаушыны видеоға түсіріп, мессенджер арқылы елген таратқан. Қарағандыдағы зообақтың герпетологы бейнежазбадағы жорғалаушының қарапайым су жыланын екенін айтып отыр. Ол усыз болғандықтан адамдар үшін қауіпсіз. Ең басты тамағы балық. Алайда жемтігін су астында жей алмайтындықтан, жағаға шығады екен
Балқашта 14 мың шаршы метр брусчатка төселеді. Биыл 7 көшеде жаяу жүргіншілерге арналған тротуар пайда болады. Тізімде Қоңырат мөлтек ауданы мен Балқаш станциясы да бар. Бүгінде мердігер компания мамандары Қоңырат мөлтек ауданындағы Зайцев көшесіне брусчатка төсеуде. Жаяу жүргіншілерге арналған тротуар осы жазда Қоңыратта тағы екі көшеде атап айтсақ Алтынсарин және Балхашскаяда пайда болады. Брусчатка Қоңырат мөлтек ауданынан өзге Балқаш станциясының орталық көшелеріне де төселеді. Ал қаламызда Уалиханов, Рысқұлов және Желтоқсан көшелеріне тротуар салынады. Қазіргі таңда бұл жұмыстарды 20 адамнан құралған 3 бригада атқаруда. Жоспар бойынша брусчатка төсеу тамыз айының соңына дейін аяқталуы тиіс
Орталық өңір тестілеудің қортындысын шығарды. Жалпы Қарағанды облысы бойынша ҰБТ-ға биыл бес мың түлек қатысқан.Олардың 300 ге жуығы Балқаш, Ақтоғай, Приозерск қалаларының оқушылары. Сонымен облыс бойынша ең жоғарғы бал 133. Оны иегері қарағандыдағы «Дарын» мектебінің түлегі. Ал ең төмені 10 бал. Жезқазғандық оқушы осынша сұраққа ғана дұрыс жауап берген. Оған қоса Қаражал қаласында бір талапкер ұялы телефонмен ұсталып, оның тест нәтижесі жойылды. Балқашқа келетін болсақ, биыл жағдай мәз емес. Қала бойынша орташа бал 62,2. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 балға аз. Ең жоғарғы ұпай 15 мектеп түлегі Сессиева Томириске тиесілі. Ол 126 бал жинаған. Ал ең төменгі ұпай 24. Айта кетейік, биылдан бастап ҰБТ қортындысы бойынша үздік мектеп рейтингі жасалмайды. Себебі, 2018 жылы бұрынғы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бұл тізімді құпия сақтау туралы шешім қабылдаған болатын
Балқаш коледждері талапкерлерді қабылдауға әзір. Бүгінде Балқашта орта білім беретін 7 оқу орны бар. Онда 30-ға жуық мамандық оқытылады. Қазір әрқайсында қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login