Балқаш жаңалықтары 01.07.2019

  1. Өткен демалыс күндері түскі бірлер шамасында Бектау-ата аумағында екі көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті. Бірі — 23 жастағы Алматы облысының тұрғыны, екіншісі 49 жастағы Әзербайжан азаматы. Жолаушылар қақтығыс салдарынан түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізіледі. Бүгінде жағдайлары орташа деп бағаланып отыр
  2. Балқаш көлінде 10 жолаушысы бар қайық аударылды. Суға батып бара жатқан адамдарды Төтенше жағдай қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар құтқарған.  Оқиға Приозерск қаласының маңында болды. Кешкі сағат 19.00 шамасында Төтенше жағдайлар пультіне «жағадан 500 метрдей жерде 10 жолаушысы бар моторлы  қайық аударылды деген хабарлама келеді. Құтқарушылар оқиға орнына дер кезінде жетіп, жергілікті балықшылармен бірге адамдарды құтқаруға кіріскен. Жалпы құтқару операциясы 1 сағатқа созылды. Нәтижиесінде, барлық жолаушы дін аман жағаға шықты. Тек, бір әйел адам психолгиялық шок жағдайымен ауруханаға жеткізіліп, дәрігердің қарауынан кейін үйіне жіберілді
  3. Балқаштық байытушылар өз кәсіби мейрамын атап өтті. Мерекеге орай оқушылар сарайында салтанатты жиын өтті. Шарада кен байыту саласының еңбек ардагерлері және байытушылар марапатталды
  4. Қалада  «Жасыл ел» жасағы  өз жұмысын бастады. Биыл жазды тиімді әрі пайдалы өткізгісі келетіндер саны 3 есеге артқан. Үш маусымға жоспарланған  жұмысқа былтыр 30 адам ғана қабылданса, биыл 90 адам еңбекке араласады
  5. Балқашта бокстан өткен халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Сайыс нәтижесінде Қазақстан құрамасы  12 алтын мен 1 күміс, 7 қола медаль еншіледі. Естеріңізге сала кетсек қаламызда өткен халықаралық былғары қолғап бәсекесіне Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен, еліміздің 14 облысы мен үш қаласынан 200-ге жуық боксшы келді. 15-16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар 5 күн қатарынан мықтыларды анықтады. Сайыс қорытындысы бойынша, жалпы командалық есепте бірінші орынды Қазақстан құрамасы алды. 12 алтын, 1 күміс және 7 қола олжалаған. Оның ішіндегі 3 алтын мен 1 күміс балқаштық спортшылардың жеңісі. Ал бір алтын, 2 күміс, 4 қола еншілеген Өзбекстан екінші орында. Ресейлік боксшылар бір алтын мен 3 күміс медальмен үшінші сатыда. Төршінші орын Қырғызстандық спортшыларға бұйырды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login