Балқашта 90-ға жуық адам нашақор ретінде есепте тұр. Бұл тек анықталғандары ғана. Ал тығылып, есірткі тұтынып жүргендері қаншама. 26 маусым нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы халықаралық күрес күні. Осы датаға орай арна тілшілері наркология бөліміне ат басын бұрып, ондағы емделушілердің бір күндік өмірін көзбен көріп қайтты
Балқаштық кикбоксшылар Қазақстан чемпионатынан жүлделі оралды. Биыл чемпионат Қордай қаласында өтті. Бұл сайыста Қарағанды облысының намысын қорғауға 30 кикбоксшы барды. Соның 11 балқаштан, ДСК мен БЖСМ тәлімгерлері. Нәтижесінде орталық Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 күміс, 1 қола еншіледі. Оның ішіндегі бір алтын балқаштық Әділ Мұратовқа тиесілі. Ол 70 келі салмақта чемпион атанды. Тағы бір джерлесіміз Гаухар Сайлаубек күміс медаль иеленсе, Батыр Джмбулов облыс қоржынын қоламен толықтырды
Металлург футбол командасы облыс біріншілігінде алғаш рет жеңіліске ұшырады. Сарань қаласында Гефест командасынан 3-1 есебімен ұтылды. Сырт алаңдағы ойында алаң иелері 20 минутта алғаш болып есеп ашқан. Деседе балқаштықтар бірден шабуыл ұйымдастырып, 5 минуттан кейін есепті теңестіреді. Жалғыз голдың авторы Нұрсұлтан Даримбеков. Алайда 1 таймның соңына дейін балқаштықтар тағы 2 доп өткізіп алады. Ал ойынның екінші кезеңінде гол соғылмады. Осылайша матч 3-1 есебімен сарандықтардың пайдасына шешілді
Қазақстанда жаңа мереке пайда болды. Енді ақпаратты елге жеткізуге асығатын БАҚ өкілдері өздерінің төл мейрамын ешкіммен бөліспейді. Бұған дейін 28 маусым бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің, сонымен бірге байланыс саласы мамандарының күні ретінде тойланып келген еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысы бойынша бұл дата енді БАҚ жұмыскерлері күні болып өзгертілді. Ал байланыс қызметкелерінің кәсіби мерекесі 17 мамырға ауыстырылды. Бүгін біз алдағы мейрамға орай балқаштықтар ақпаратты қайдан алады? деген сауалмен ел арасына шықтық
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login