Балқашта 20-ға жуық азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Өткен аптада шаһарда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Шарада білім, құрылыс, жылу энергетика сынды салалардан 15 мекеме жұмыскер іздеді.
Жанна Жабатаева мамандығы бойынша педагог психолог. Ару 2017 жылы Оңтүстік қазақстан облысы Халықтар достық университетін тәмамдаған. Содан бері еш жерге орналаса алмаған. Бүгін жолы болды. Сұхбаттасудан сүрінбей өтіп, мамандығы бойынша жастар практикасына қабылданды.
Жанна Жабатаева – жас маман: » Жастар практикасы арқылы «Үлкен жүрек» қайырымдылық орталығына 6 айлық курсқа педагог-психолог мамандығы бойынша жұмықа қабылдандым. Үлкен жүрек қайырымдылық орталығына рахмет, жұмыспен қамту орталығына рахмет. Осындай жас мамандарға жұмыс тауып беріп отырған.»
Жәрмеңкеге қызмет ететін адам іздеп келген 15 мекеме қатысты. Келушілерге шамамен 600 бос жұмыс орны ұсынылды. Маман тапшылығы әсіресе құрылыс, білім, коммуналдық қызмет, өндіріс пен жылу энергетика саласында анық байқалды.
Гүлназ Тұтқышева – Халықты жұмыспен қамтамасыз ету орталығының маманы:Жәрмеңкенің артықшылығы, жұмыс іздеуші бұл жәрмеңкеде жұмыс берушімен бетпе бет кездесіп, сұхбаттасудан өтеді. Тіпті, дәл осы жерде еңбек келісім шартын толтырып, жұмысқа да қабылданады.
Аталған шараға 100-ден аса жұмыссыз азамат қатысты. Нәтижиесінде, тұрақты жұмысқа 18 адам орналасты. Одан бөлек қоғамдық жұмысқа 11 адам жіберілсе, 2 маман жастар практикасымен мекемеге жолданған. 1 азамат шағын кредитке өтінім беріп, 25 жұмыссыз қысқа мерзімді курстан өтуге ниет білдірді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login