Балқаш жастарын «Жасыл ел» жасағы шақырады. Жаз айларында 16 мен 29 жас аралығындағы 90 адам уақытша жұмыспен қамтылады. Жасаққа бірінші кезекте жағдайы төмен, көпбалалы отбасыдан шыққан жастар қабылданады. Алғашқы жұмыс маусымы осы аптада басталады. Ал, өтініштер шілде мен тамыз айларына қабылдануда. Бүгінде 35 орын бос. Бұл орындарға 16 мен 29 жас аралығындағы мектеп оқушылары, студенттер мен жұмыссыз жүрген азамматтар үміткер бола алады. Жасаққа мүше болу үшін жұмысқа орналасушы жастар ресурстық орталығына жеке куәлігін алып келсе жеткілікті. Жасыл ел жасағына қосылғандар қаланы аббаттандыру мен жасылдандыру жұмысын атқарады. Ал жалақы көлемі 50 мың.
Нұржас Әбеуір – «Жасыл ел» жасағының жетекшісі: » Жасыл ел бағдарламасы бойынша жұмысқа қамту басталды. Жасыл елдің мақсаты Балқаш қаласын көгалдандыру, арық қазу, арам шөп жұлу. Толық ақпаратты білу үшін жастар ресурстық орталығына келу керек.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login