Балқаш жаңалықтары 13.06.2019

  1. Балқаштық жүкті әйелдер құрсағындағы нәрестенің жүрек соғысының жиілігін білуге мүмкіндік ады.  Диагностикалық орталықта арнайы кардиотокография аппараты пайда болды. Оның көмегімен мамандар тахикардия және брадикардия секілді ауытқуларды анықтайды. Мұндай тексеріс түрі жүктіліктің  28 аптасында және одан кейінгі кезеңдерде  тағайындалады
  2. Медицина қызметкерлері күніне арналған сюжеттер топтамасын жалғастырамыз. Бүгінгі біздің кейіпкер Әмір Мамедов. Ол 10 жыл бойы  ларингит,  гайморит, бронхит сынды ауруларды емдеп жүрген лор маманы.Одан бөлек жалпы практика дәрігері
  3. Балқашта суару жүйесі ауыстырылуда. Бүгінде жұмыстар Байсейтова мен Бөкейханов көшелерінде жүргізілуде. Бұл іс биыл тендрді ұтып алған «Балқаш жібек жолы» ЖШС жүктелген. Мердігер компания жоспар бойынша тозығы жеткен темір құбырларды пластикке ауыстыруы тиіс
  4. Қаламызда 270 түлекке арналып «Үміт жолы» мектеп бітіру кешті  өтті. Биыл салтанаттыкеш мәдениет сарайының артқы алаңында ұйымдастырылды. Мектепті кілең бестікпен бітіргендерге шаһар басшысы өз қолымен алтын белгі мен үздік аттестаттарын табыстап, ақ тілегін жеткізді
  5. «Металлург» өзіне қарсылас шақ келтірер емес. Кеше балқаштық футболшылар өз алаңында Абай қаласының «Жастар» командасын қабылдады.  Бұл матчта облыс біріншілігіндегі ең жылдам гол тіркелді. Ойынның 30 cекундында қонақтар тәртіп бұзып, 11 метірлік айып добы белгіленді. «Металлург» командасының капитаны Елдос Шарафинов тепкен доп қонақтардың қақпасынан табылды. 1 таймның соңына қарай «Жастар» командасы тағы бір гол өткізіп алды. Ал матчтың екінші кезеңінде қонақтар қақпасына  бір емес 4 гол соғылды. Осылайша балқаштық футболшылар қарсыластарын 6-0 есебімен ойсырата ұтып, осымен 4 матчта жеңіске жетті. Келесі ойын тағы да өз алаңымызда өтеді. Осы сенбі күн «Металлург»  «Саран» командасын қабылдайды. Матч кешкі 18:30 басталады

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login