10 маусым атаулы күндер/События 10 июня

Португалия Республикасының Ұлттық мейрамы — Португалия күні (1580)

Қазақстан Республикасы мен Португалия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 19-да орнатылды.

Жапонияда сағат күні

671 жылдың 10 маусымында Жапонияның император сарайында алғаш сағат жасалды. Дәл осы 10 маусым күні балаларға олардың өміріндегі бірінші сағатын сыйлау дәстүрге айналған.

Есте қалар оқиғалар

1934 жылы Алматыда халық өнері өкілдерінің бірінші бүкілқазақстандық слеті басталды. Маусымның 15-іне дейін созылған слетке Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі секілді ақындар қатысты.

1969 жылы Қазақстандағы Жалаңашкөл, Тасты маңайындағы (бұрынғы Семей облысы) кеңес-қытай шекарасында қарулы қақтығыс болды.

1996 жылы Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы қабылданды.

1998 жылы Астана қаласында Қазақстан Республикасының жаңа астанасын ресми таныстыруға арналған салтанатты мәжіліс өтті. 1994 жылы ҚР Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 10 маусым 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап елорда күні 6 шілдеде мерекеленеді.

1998 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар монументінің іргетасын қалады. Монументтің ресми ашылуы 2001 жылдың 9  мамыр күні өтті.

2000 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік музейі ашылды.

2003 жылы Астана — Бурабай бағытында жаңа «Оқжетпес» электр пойызы қатынай бастады.

2004 жылы — ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ресми ашылуы өтті.

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуіріндегі № 461 қаулысымен құрылды. Басты мақсат — елорданың ақпараттық, білім беру және мәдени-ағартушылық инфрақұрылымын одан әрі дамыту.

2005 жылы Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақ ұлттық музыка академиясында орган залының ашылу салтанаты өтті.

2005 жылы Астанада Елбасының қатысуымен Жастар саябағы ашылды.

2005 жылы Астанада бес жұлдызды «Риксос Президент Отель Астана» қонақ үйі ашылды. Небәрі 9 айдың ішінде салынып біткен аталған ғимарат — Rixos Group халықаралық қонақ үйлер желісі мен Түркияның Sembol İnşaat компаниясының елордадағы алғашқы ірі жобаларының бірі. Қонақ үй астананың жаңа әкімшілік орталығында халықаралық әуежайдан 12 шақырым жерде орналасқан.

2005 жылы Астанада жаңа ашылған студенттер бағы мен Ислам орталығының алдында екі фонтан кешені ашылды.

2005 жылы Жезқазғанның Достық пен халықтар мәдениеті үйі алдында ақын Тайжан Қалмағамбетовке ескерткіш орнатылды.

Тайжан Қалмағамбетов (1879-1937) — суырыпсалма ақын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қатысушысы. Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. Сталиндік режим кезінде «халық жауы» атанып, 1937 жылдың 26 қыркүйегінде ату жазасына тартылған. Тайжан ақынның шығармалары «Қазақ халқының 1000 өлеңі», «Пернедегі термелер», «Халық ақындары» жинақтарында жарияланған. 1984 жылы «Ой ағысы» атты өлеңдер мен әндер жинағы, 2004 жылы «Сақ-сақ күлсін сырнайым» атты жинағы жарық көрді. Оның есімі Жезқазған филармониясына берілген.

Ескерткіштің авторлары — мүсіншілер Өмірхан Жүнісбеков, Шақыбәдін Сейткенов, сәулетші Асқар Сариев.

2005 жылы Астана қаласындағы «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығына қарама-қарсы орналасқан Ғашықтар саябағында «Ғашықтар» мүсіні орнатылды. Оны сондай-ақ, «Бақытым менің» деп атайды. Авторы — қазақ сәулетшісі Төлепбай Ерболат.

2010 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ашылды.

2011 жылы Қазақстанда «Орысша-қазақша-ағылшынша политехникалық сөздік» жарыққа шықты.

2011 жылы Халықаралық көрме бюросының Париждегі штаб-пәтерінде ҚР СІМ-нің жауапты хатшысы, Астана кандидатурасын ұсыну бойынша ұлттық үйлестіруші Рәпіл Жошыбаев 2017 жылы ЕХРО халықаралық мамандандырылған көрмесін Астана қаласында өткізу туралы өтінім берді.

2012 жылы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Фариза Оңғарсынованың «Даланың күйші Динасы» пьесасын қойды.

Шығарма — халық композиторы Дина Нұрпейісованың өмірі мен өнеріне арналған. Қоюшы режиссері — Нұрлан Жұманиязов. Құрманғазы бейнесін — ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер Мейрам Қайсанов, Динаны — Айнұр Жетпісбаева сомдады.

2014 жылы Орал қаласында Орынбор облысымен бірігіп І Қазақстан-Ресей шекара маңы аймақтарын дамыту халықаралық форумы өткізілді.

2014 жылы Берлинде Еуропадағы қазақтардың кіші құрылтайы өтті. Онда Ұлыбритания, Франция, Германия, Венгрия, Австрия, Швейцария, Швеция, Дания, Норвегия, Нидерланды, Түркиядан 350 этникалық диаспора өкілдері бас қосты.

2015 жылы Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі өтті. Екі күнге жалғасқан келелі кеңес «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы диалогы» деген тақырыппен өтті.  Оның жұмысына 40 елден келген 80-нен астам делегация қатысты.

2015 жылы Астанада Бiрiккен Ұлттар Ұйымы өкілдігінің жаңа ғимараты ашылды. Ашылу салтанатына БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мен ҚР Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов қатысты. БҰҰ-ның 8 мекемесі орналасатын алты қабатты ғимарат Әлихан Бөкейхан көшесінде орналасқан.

2015 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының Халықаралық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Нәтижесінде биосфералық қорықтартардың дүниежүзілік тізіміне Ақсу-Жабағылы (Қазақстан) қорығы енген болатын.  

2016 жылы Бакуде Әзербайжандағы ҚР елшілігі жанында Қазақстан достар клубының бірінші отырысы өтті.

___________________________________________

10 июня в мире отмечают:

Всемирный день мороженого

День рождения шариковой ручки

События:

1793 — Во Франции открылся первый в мире зоопарк.

1909 — Впервые в мире был применен сигнал бедствия «SOS».

1936 — В СССР основана киностудия «Союздетмультфильм» (ныне «Союзмультфильм»).

1998 — Состоялась международная презентация Астаны. В 1999-2005 годы этот день отмечался как день рождения города.

2003 — С мыса Канаверал запущена ракета-носитель с марсоходом «Spirit» на борту (В мае 2009 года марсоход застрял в песчаной дюне. Последняя связь с Землёй была 22 марта2010 года).

Родились:

1921 — Принц Филипп, герцог Эдинбургский, супруг королевы Великобритании Елизаветы II. После восшествия на престол Елизаветы II, стал супругом царствующего монарха, но титул принца-консорта (король-супруг) не принял.

1929 — Людмила Зыкина, певица, художественный руководитель и солистка Государственного академического Русского народного ансамбля «Россия», народная артистка СССР. Общий тираж выпущенных пластинок с песнями Зыкиной превышает 6 000 000 экземпляров.

1944 — Валентин Смирнитский, актёр театра и кино, народный артист России. Известность пришла к актёру, когда он сыграл в нескольких популярных картинах — «Королевская регата», в комедии Евгения Карелова «Семь стариков и одна девушка».

1962 — Джина Гершон, американская актриса. Джина — одна из самых образованных актрис Голливуда. За её плечами средняя школа в Беверли-Хилз и университет, где она заслуженно получила степень бакалавра изящных искусств.

1983 — МакSим, российская певица. Успех пришёл к певице с выпуском 28 марта 2006 года альбома «Трудный возраст», который разошёлся тиражом более 1,5 миллиона копий, и в 2007 году МакSим стала самой коммерчески успешной певицей в России.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login