Балқаш «Kazakhmys» корпорациясының политехникалық колледжі оқуға шақырады

Балқаш «Kazakhmys» корпорациясының политехникалық колледжінде тегін білім алуға мүмкіндік бар. Биыл оқу орнына мемлекеттен 20 грант бөлінді. Тағы 100  грантты «Kazakhmys» корпорациясы бөліп отыр.

9-сыныпты аяқтаған оқушыларға 6  мамандық ұсынылады. Олар: «Түсті металдар металлургиясы», «Пайдалы қазбаларды байыту», «Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу»,«Дәнекерлеу ісі», «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету», «Дизайн» (ақылы түрде).

Оқу мерзімі 3 жыл 10 ай. Оқуға құжат қабылдау 20 маусымнан басталып 20 тамызға дейін жалғасады. Ал 1 тамыз бен 28 тамыз аралғында абитуренттер екі пәненн тест тапсырады. Қазақ топтары математика мен қазақ тілі және әдебиет пәні сұрақтарына жауап берсе, орыс топтары математика мен орыс тілі мен әдебиетінен білімдерін сынайды.

Ең жоғарғы ұпай — 50. Ал шектік ұпай 30. Оқуды аяқтаған жастар «Kazakhmys» корпорациясына бос орындарға жұмысқа орналасады. Бұдан бөлек 9 мамандық бойынша сырттай білім алуға  болады. Толық ақпаратты 6-84-08 нөміріне хабарласып немесе  Ленин көш 36 мекен-жайы бойынша біле аласыздар.

«Kazakhmys» корпорациясының политехникалық колледжі оқуға шақырады

Күндізгі бөлім

Оқу мерзімі 3 жыл 10 ай

6 мамандық бойынша:

«Түсті металдар металлургиясы»

«Пайдалы қазбаларды байыту»

«Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу»

«Дәнекерлеу ісі»

 «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету»

«Дизайн» (ақылы түрде)

Сырттай бөлім

10 мамандық бойынша:

«Машина жасау технологиясы» 

 «Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу»

«Түсті металдар металлургиясы»

«Пайдалы қазбаларды байыту»

«Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу»

«Есеп және аудит»

 «Есептеу техникасы және ақпаратпен қамтамасыз ету»

«Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық өңдеу»

«Автоматизация және басқару»

«Химиялық технология және өндіріс»

Құжат қабылдау және емтихан кестесі

Күндізгі бөлім

құжат қабылдау 20 маусымнан 20 тамызға дейін

тестілеу 1 тамыздан 28 тамызға дейін

Сырттай бөлім

құжат қабылдау 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін

тестілеу 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейін

Мекен-жайы: Балқаш қаласы, Ленин, 36

Тел: 8(71036) 6-84-0,7-50-05

e-mail: ptk_balhash@mail.ru

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login