Балқашта үздік дзюдошылар анықталды. Қаламызда Қазақстан Республикасы спортының құрметті қайраткері Сүйіндік Ариновты еске алу мақсатында дзюдодан республикалық турнир өтті. Оған Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Алматы облысынан 200 ге жуық спортшы жиналды.
Қазақстан спортының құрметті қайраткері Сүйіндік Ариновты еске алуға арналған Республикалық турнир Мысшылар стадионында өтті. Дзюдо, самбо және қазақша күрестен спорт шебері Сүйіндік Аманжолұлы Кеңес Одағы кезінде Балқашта спорттың дамуына өзі үлесін қосқан. 70 –ке келер шағында өмірден өткен қайраткерді бүгін де ұрпағы ұлықтауда
Ұлан Сүйіндік – С. Ариновтың ұлы:«Менің әкем бар ғұмырын спортқа арнады. Зейнетке шығатын жылдары спорт және туризм бөлімінде бас маман да болып жұмыс істеді. Мұндай турнирлерді әкем де ұйымдастырып, басы-қасында жүретін».
Балқаштық спортшы Әлішер Рүстемұлы бірінші белдесуіне дайындалуда. Жарысқа шығуына аз уақыт қалса да, ағасы інісінің дайындығын пысықтап жатыр. Жеті жастағы жерлесіміз көп күттірмей боз кілемге шығып, қарсыласына есе жібермеді
Әлішер Рүстемұлы – дзюдодан республикалық турнирге қатысушы: «Менің бірінші сопернигім Семей қаласынан болды. Мен оны жамбасқа қадап, финалға шықтым. Осы турнирге бір айындалдым. Ағайды тыңдап жеңіске жеттім».
Дзюдодан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы еске алу турнирі осымен үшінші рет өтіп отыр. Биыл Балқашқа Семей, Қарағанды, Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы облысынан 200-ге жуық спортшы жиналған. 8 бен 14 жас аралығындағы қатысушылар 23 салмақ дәрежесінде бақ сынасты.
Жарыс нәтижесінде командалық есеп бойынша балқаштықтар жеңіске жетті. Жерлестеріміздің қоржынында 11 алтын. Ал, күміс жүлде Қарағандыдан келген спортшыларға бұйырды. Алматы облысының дзюдошылары болса қоланы қанағат тұтты. Жеңімпаздар медаль мен бағалы сйылықтармен марапатталды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login