Қасиетті қадір түнінде «Харекет» қайырымдылық қоры балқаштық көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады. Баспана кілтіне ие болған отағасы Қуаныш пен жұбайы Мәншүктің қуанышында шек жоқ. Қуаныш Белитруков 7 баланың әкесі әрі денсаулығына байланысты 3-ші топ мүгедегі. Осы уақытқа дейін отбасымен пәтер жалдап келген. Үй кезегіне осыдан 4 жыл бұрын тұрыпты. Әкімдіктен баспана күтіп жүргенде Рамазан айында қайырымды жандардың арқасында 3 бөлмелі пәтерге ие болды.
Мәншүк Омарбаева — «Харекет» қорының баспанасына ие болушы: «Біріншіден «Харекет» қайырымдылық қорына рахметімді айтамын. Осыншама жыл қиналып келген кезде 2 күннің ішінде бүкіл проблемамды шешіп тастады. Қиындығымның бәрін артқа тастап. Көп рахмет «Харекет» қорына».
Қасиетті қадір түнінде «Харекет қоры» еліміздің әр түрлі қаласында 5 отбасыға пәтер кілтін табыстады. 1000 теңгеге баспана ұстанымымен осыдан 2 жыл бұрын ашылған қайырымдылық қоры бүгінде республикамыздың әр түкпіріндегі көпбалалы, жағдай төмен мұқтаж 98 отбасыға пәтер сыйлаған. Оның ішінде 10 баспана Қарағанды облысының тұрғындарына берілген.
Ақтоты Жүнісова – Қарағанды облысы бойынша «Харекет» қайырымдылық қорының басшысы әрі өкілі: «Біздерде жұмыстар қазіргі таңда еріктілеріміздің арқасында, халқымыздың садақа беруінің арқасында осындай үлкен жетістіктерге жетіп жатырмыз». «Бұл Балқашта бірінші негізгі. Балқашқа желтоқсан айының 21-інде келді «Харекет» қайырымдылық қоры. Содан бері қазіргі таңда Балқашта «Харекеттің» үлкен тобы ашылды. Бүгінде сонда 20 шақты еріктілер жұмыс жасайды».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login