Қазақстанда 6 жасқа толған бала 1 сыныпқа бармаса, ата-анасыа айыппұл салынады. 2019 жылдың 1 қаңтарынанда қабылданған жаңа заң өз күшіне енді.
Егер балаңыз 1 қыркүйекке дейін дейін 6 жасқа толса онды міндетті түрде бірінші сыныпқа баруы тиіс. Егер талап орындалмаса, алғашында ата-анаға ескерту жасалады. Ескертуге құлақ аспаған жағдайда 12 500 ден 25 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі. Ал, қазан, қараша, желтоқсан айында туылған бүлдіршіндер қамқоршысының қалауы бойынша 6 немесе 7 жаста 1 сыныпқа бара алады. Биыл 1 сыныпқа қабылданатын балалардың ата-анасы e.bilimal.kz сайтына 1 маусым мен 30 тамыз аралығында тіркелу қажет. Өтінішке баланың суретін, туу туралы куәлігінің көшірмесін, медициналыанық анықтама мен денсаулық паспортын жүктеп, толтырушының кері байланыс нөмірін көрсету маңызды. Бұл өтініш ата-анаға баласын тұрғылықты мекен жайда орналасқан мектепке орналастыруға мүмкіндік береді.
Перизат Арыстамбекова – қорғаншылық және қамқоршылық секторының меңгерушісі
Тамыз айының басында барлық білім ордаларында 3 апталық мектепке даярлық курсы өтеді. Оған мектеп табалдырығын аттайтын бүлдіршіндер қатысады. Қаладағы барлық мектеп 1 сынып оқушыларын қабылдауға дайын.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login