1.Балқашта көпбалалы отбасы баспаналы болды. 5 перзенті бар Шайкеновтер жанұясына бүгін қала әкімі 4 бөлмелі үйдің кілтін табыстады. Осылайша Балқашта жыл басынан бері үшінші көпбалалы ана пәтерге ие болды
2.Биылғы жылы шаһарымызда 250 түлек мектеп қабырғасымен қоштасады. 11 түлек алтын белгіге үміткер, ал 4 оқушы білім ордасын үздік аттестатпен аяқтамақ. Деседе, алда түлектерді емтихан мен ҰБТ күтіп тұр. Айта кетейік, елімізде осы жылдан бастап түлектер ҰБТ жылына 4 рет тапсырады. Яғни, қаңтар, наурыз, маусым-шілде және тамыз айларында
3.Білім беру ошақтарының үздіктері. Еліміздегі ең үздік ЖОО-дарының рейтингі белгілі болды. Рейтинг жасау кезінде білім ошақтарындағы студенттердің білімі, оқытушылар біліктілігі, оқу базасының академиялық ұтқырлығы, түлектердің бәсекеге қабілеттілігіне бағаланған. Бірінші орында Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті. Ал екінші сатыда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. М.Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті болса үшінші орынға тұрақтады. Ал Қарағанды мемлекеттік университеті мен техникалық университеті 4, 5 орында.
4.Балқашта көбелектер қаптап кетті. Қанатты жәндіктер гүлзарлар мен талдардың арасын басып қалған. Тұрғындар болса бұрын соңды болмаған ерекше құбылысты жарыса видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеуде. Ал, жасыл желекпен қоректенетін көбелектердің өсімдіктерге зияны бар ма? Мамандар не дейді? Толығырақ бейнематериалда
5.Жаздың келуіне 9 күн қалды. Бұл кезең балалардың каникулға, ал ата-аналардың еңбек демалысына шығатын уақыты. Ел әсіресе жаз уақытына жоспар құрғанды ұнатады. Ал балқаштықтар ең жылы мезгілді қалай және қайда өткізбек. Осы сұрақпен біздің тілшілер ел арасына шығып, тұрғындардың жауабын біліп қайтты
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login