Балқаш жаңалықтары 21.05.2019

1.Балқашта жолдарды жамау басталды. Қаламызда ойық шұңқыры көп 20 мың шаршы метр жол жөнделеді. Бұл мақсатқа бюджеттен 34 миллионнан қаржы бөлініп отыр. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары Ағыбай батыр мен Желтоқсан көшелерінде жүргізілуде. Жөндеу сонымен қоса, Иванов, Қараменде би, Жезқазған, Ленин, Мир, Сейфуллин, Амангелді көшелері мен Шашубай мөлтек ауданы жолдарына да жүргізіледі

2. Балқаштық жастар қоларбаға таңылса да, жігері жасымаған, қазіргі таңда  мүгедектер құқығын қорғап жүрген белсенді Арнұр Ысқақовпен кездесті. Жүздесу БГТК-да өтті. 33 жастағы Арнұр осыдан 10 жыл бұрын суға батып бара жатқан қызды құтқармақ болғанда, омыртқасына зақым келіп арбаға таңылған. Деседе бұл оқыс жағдай оның өмірге деген құлшынысын жоғалтуға себеп бола алмады. Өмірдің қиындығына қарамастан Арнұр бір емес үш жоғары оқу орнын тәмамдады. Мамандығы бойынша медик, психолог және әлеуметтанушы. Медицина саласында, Нұр Отан партиясының аппаратында және телеарналарда жүргізуші болып  жұмыс істеген. Қазір азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясында пиар менеджер болып еңбек етеді. Бүгін ол кездесуге жарын ерте келген. Шарада Арнұр мен Лаура өз оқиғаларын баяндап, жастарға қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген көзқарасын өзгерту қажеттігін түсіндірді

3. Ниет танытқандарға жұмыс бар. Балқашта еңбек нарығында 500-ден аса маман мен жұмыскердің орны бос. Қалада, әсіресе ұстаздар қауымы мен дәрігерлер және жұмысшы топ тапшы. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне есепші, ал тұрғын үй инспекциясына инспектор мен автокөлік жүргізушісі қажет. Мұрағатта бас қор сақтаушысы мен бас бухгалтердің орны бос. Орталық және Гайдар атындағы балалар кітапханасында кітапханашыларды, аудармашыны және суретшіні жұмысқа қабылдайды. Одан бөлек №4, 9,7,15, 10, мектептерге математика, орыс тілі, физика, ағылшын, биология, тарих, информатика пәні мұғалімдері қажет. Қаладағы жеке меншік фирмалар мен кәсіпорындар слесарь, дәнекерлеуші, электромеханик, тас қалаушы сынды маман иелерін қызметке алуға әзір. Жалпы қалада 500 ден аса бос жұмыс орны бар. Екі қолға бір күрек іздеп жүргендер жұмыспен қамту орталығына жүгінулері қажет.

4. Қазақстанда бақыт индексі бойынша қалалар рейтингі жасалды. Рейтинг бойынша ең бақытты қалалар тізімінде Нұр-Сұлтан бірінші орында. Одан кейін Шымкент және Ақмола облысы. Үздік үштікке кірген бұл қала тұрғындары өздерінің өмір сүру жағдайына көңілдері толатындықтарын жеткізген. Соңғы орында Қостанай, Қарағанды облыстары. Ал мемлекеттер арасында бақыт рейтингі бойынша Қазақстан 60-шы орында. Ең үздік бестікке Финляндия, Дания, Норвегия, Исландия және Голландия еніп отыр

5. Балқаштық ұландар сапта жүрудің орнына вальс биледі. Қаламызда ұлан сыныбын түлектерінің құрметіне бал өтті. №8 мектептің ұлан сыныбының 90-нан аса оқушысы мен 40-тан аса қыз бала шырқалып би биледі

6. Балқаштық кикбоксшылар Қазақстан чемпионтанынан жүлдемен оралды. Қарағанды облысының намысын қорғап қайтқан спортшылармыз екі алтын , екі күміс медальға ие болды

_____________________

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login