Балқашта оқушы сырғанауға арналған төбешіктен құлап, ауруханадан бірақ шықты. Себебі ойын кешені сынық болған. Оны аңғармаған 11 жасар ұл бала жоғарыдан брусчаткаға құлап түскен. Нәтижиесінде жеткіншек басынан қатты соққы алып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер баланың бас сүйектерінің сынғандығын алға тартып отыр. Бүгінде бүлдіршін травматология бөлімінде ем қабылдауда
Апта басынан бері ойнап жүріп, жарақат алған 3 бала орталық ауруханаға түсті. Бірі қолын сындырса, енді бірі аяғын шығарып алған. Сарышаған кентінен келген 8 жастағы бала сан сүйегін сындырып, травматология бөліміне жатқызылған. Ол ойын барысында сәтсіз құлап, аяғын зақымдаған. Бүгінде бүлдіршінге ота жасалып, сүйектері арнайы темірмен бекітілді. Тіліксіз іске асатын мұндай операция 10 жасар ұл балаға да жасалды. Науқас жүгірем деп бардюрге сүрініп, зақым алған
Қалалық жұмыспен қамту орталығы шағын кредит алуға өтініш қабылдау жүргізуде. Несие «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жұмыссыздар мен кәсіпкерлерге беріледі. Гүлшат, Саяқ кентінің тұрғындары да бағдарламаға қатыса алады. Шағын кредиттің жылдық мөлшерлемесі-6 пайыз. Саяқтықтар мен гүлшаттықтарға 6 млн теңгеге дейін 6 жылға беріледі. Ал балқаштықтар 16 млн теңге дейін несие рәсімдей алады. Ауылдықтар қаржыға ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы қол жеткізеді. Ал қала тұрғындары үшін несие беру екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асады. Ең басты талап кепілзат болуы тиіс
Жазда 5 мың балқаштық оқушы мектеп жанындағы және Бектауата баурайындағы лагерьлерде демалады. Білім ордаларындағы орталықтар өз жұмысын бірінші маусым күні бастайды. Онда бір мен алтыншы сынып оқушылары тынығатын болады. Жолдама құны 8500 теңге. Бұл қаржыға балалар күніне үш рет тамақтанады. Әрі лагерьде түрлі үйірмелер мен тіл үйрететін курстар ашылады
«Жолда қабылдау» акциясы жалғасады. Тәртіп сақшылары 17-18 мамыр күндері Желтоқсан көшесі бойындағы «Мен балқашты сүйемін» композициясы маңында отырады. Әкімшілік полиция, көші-қон және басқа да бөлім мамандары келушілерді Желтоқсан көшесінің бойында таңғы сағат 9-дан кешкі 7-ге дейін күтеді. Акция аясында мобильді топ жол қауіпсіздігінен бастап, әкімшілік айыппұлдарды төлеуге қатысты барлық сұраққа жауап береді
Балқашта жүкті болып қалған жасөспірім қыздардың қатары көбейген. Бұл туралы полиция инспекторлары студенттермен кездесуде мәлімдеді. Жастармен отырыс Ақылбаев атындағы Балқаш маңызды білім беру колледжінде өтті. Онда полиция инспекторлары, әкімшілік қызметкерлері мен қалалық аналар кеңесінің төрайымы студенттермен отбасы құндылықтары туралы әңгіме өрбітті
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login