Балқашта оқушы сырғанауға арналған төбешіктен құлап, ауруханадан бір-ақ шықты. Себебі ойын кешені сынық болған. Оны аңғармаған бала жоғарыдан брусчаткаға құлап түскен. Аталмыш оқиға қаладағы Астана аллеясында болды. Сырғанауға арналған төбешік жерге жақсылап бекітілмегендіктен, онда ойнап жүрген 11 жасар ұл екі метрге жуық биіктіктен брусчаткаға құлаған. Нәтижесінде жеткіншек басынан қатты соққы алып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер баланың бас сүйектерінің сынғандығын алға тартып отыр. Бүгінде бүлдіршін травматология бөлімінде ем қабылдауда.
Мақсат Нұртазин – травматология бөлімінің жетекшісі
«Бала біздің бөлімге ауыр халде түсті. Компьютерлік таммография арқылы бас сүйегінің шытынағанын анықтадық. Бүгінде баланың денсаулығын орташа деп бағалауға болады».
Анықталғандай қаладаға алаңдар мен саябақтардағы ойын кешендеріне жеке меншік фирма жауапты. Бірнеше күн өткеннен соң жауаптылар келіп, ойын төбешігін уақытша бекітіп кеткен. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мамандарының айтуынша, мердігер компания қажетті материалдарды сатып алғаннан кейін, бір аптаның ішінде ойын кешенін толықтай жөндеуден өткізеді.
Ойыннан келген зардап! Апта басынан бері ойнап жүріп, жарақат алған 3 бала орталық ауруханаға түсті. Бірі қолын сындырса, енді бірі аяғын шығарып алған. Сарышаған кентінен келген 8 жастағы бала сан сүйегін сындырып, травматология бөліміне жатқызылған. Ол ойын барысында сәтсіз құлап, аяғын зақымдаған. Бүгінде бүлдіршінге ота жасалып, сүйектері арнайы темірмен бекітілді. Тіліксіз іске асатын мұндай операция 10 жасар ұл балаға да жасалды. Науқас жүгірем деп бардюрге сүрініп, зақым алған. Ал кеше қалалық емханаға скейтборд теуіп жүріп құлаған 13 жасар қыз бала жеткізілді. Ақ халаттылар тобығы бірнеше жерінен сынған деп отыр.
Мақсат Нұртазин – травматология бөлімшесінің меңгерушісі
Қыз әзірге бөлімшеде қалады, бір аптадан соң үйіне шығарамыз. Мамыр айының аяғы мен маусым айының бас кездері балалар жарақат алуының көбейетін кезі. Сол себепті ата аналар балаларына бас көз болып, абай болуды ескертсе екен дейміз.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login