4 балқаштық спортшы пауэрлифтингтен Азия чемпионы атанды. Бұл байрақты бәсекеден жерлестеріміз тағы 2 күміс 5 қола олжалап қайтты.
Алматы қаласында пауэрлифтингтен өткен Азия чемпионаты өтті. Онда әлемнің 3 елінен 300 ге жуық спортшы жиналған. Ал Балқаштан 18 спортшы қала намысын қорғады. Жарыста қатысшулар зілтемірмен отырып тұру, жатып көтеру, тұрып белге көтеру кезеңдері бойынша сынға түсті. Сайыс қортындысы бойынша 11 балқаштық спортшы жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтқанда, 56 кг салмақта Ольга Трай 130 келіні бағындырса, 88 келіде Влад Тарасов 240 келіні көтерген. 98 кг-да Руслан Хакимов 220 кг, және 96 кг салмақта Виталий Михалёв 280 кг зілтемірді басынан асырып Азия чемпионы атанды. 2 зілтемірші күміске және 5 спортшы қола жүлдеге ие болды. Одан бөлек, 5 зілтемірші спорт шебері нормативін орындаса, қалған 4 пауэрлифтер спорт шебері атағына үміткер атанды.
Алексей Ногай – «Мысшылар» СК пауэрлифтинг бапкері: Сайыс жоғарғы деңгейде өтті. Бәсекелестер де көбейген. Қыздар жағы жарады. Екі спорт шебері атағын қорғап шықты. Күзде өтетін Қазақстан чемпионаты алдында Қырғызстан мен Ресей федерациясында өтетін жарысқа баруды жоспарлап отырмыз.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login