Санаулы күндерден кейін мұсылман қауым асыға күткен қасиетті Рамазан айы басталады. Биыл ораза уақыты 6 мамыр дүйсенбіге түсіп отыр. Осыған орай, барша мұсылман мамырдың 5-нен 6-на қараған түні ауыз бекітеді.Ал 31 мамыр күні қасиетті жұмада Қадыр түнін қарсы алады. Бес парыздың бірі саналған ораза 5-ші маусымға дейін жалғасады. Артынша жамағат Ораза айт мейрамын тойлайды. Рамазан айының 30 күнінде шөл мен аштыққа шыдап, Алланың разылығы үшін тек астан ғана емес күнәлі істерден тыйылған жан мол сауапқа кенелмек. Сондай-ақ, Рамазан айында пітір садақа беру керек. Биыл оның құны өзгерген жоқ, бұрынғыша 300 теңге.
Рауан Айтқазин – қалалық мешіттің наиб имамы: Шариғаттық фатуа бөлімі мен ҚМДБ бекіткені бойынша Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан осындай бір шешімге тоқтап осындай уақыттарға белгіленді. Оразаның сауабын Аллаһ тағала өзім беремін дейді. Сол себепті оның қанша болатыны Аллаһқа мәлім
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login