Ағыбай батыр көшесіндегі жолдың бір бөлігі демеушілер қаржысына жөнделеді. «Тас Темір» фирмасы бұл жұмысты өз мойнына алған. Мердігер компания Ағыбай батыр мен Қараменде би көшесінің қиылысынан бастап автобекетке дейінгі аралықты жөндемек. Қазіргі таңда жолдың беткі қабатын қыру жұмыстары аяқталған. Енді бір-екі күнде жаңа асфальт төсеп, ойық-шұңқыры көбейген бөлікті жаңалайды. Биыл «Тас Темір» компаниясы қала бойынша 6 көшенің жолын орташа жөндеуден өткізеді. Ал Ағыбай батыр көшесіндегі бұл аралық жүргізушілерге қиындық келтіргендіктен оны өз есептерінен жөндеуді шешкен.
Маратхан Жұмалиев-«Тас Темір» ЖШС директоры: «Бүгін Молдағұлова көшесін аяқтаймыз, ертең Байсейтова көшесін. Келесі көше Ағыбай батыр көшесін жөндеуді бастаймыз. Ағыбай батыр көшесін спонсорской көмек ретінде жасап береміз деп келісіп отырмыз.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login