Балқаштық оқушы джиу-джитсудан әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Балқаштық оқушы кәсіпқой джиу-джитсудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Әлем Байдағұлов бұл жарыста жеңіске жетіп қана қоймай, «спорт шеберлігіне үміткер»  нормативін орындады. Біріккен Араб Әмірлігінде өткен сайысқа әлемнің 100 елінен 7 мың спортшы жиналған. Қазақстаннан 60 адам барды. Олардың арасында балқаштық Әлем Байдағұлов бар. 13 жастағы спортшы 46 келі салмақта ел намысын қорғады. Жарыста Кувейт, Оман, Араб Әмірлігі, Ресей және Сирия елінен келген  5 джиу-джитсермен кездесу өткізді. Алайда финалда жолы болмады. Ұпай саны бойынша сириялық спортшыға есе жіберді. Деседе күміс жүлде қоржында. Бұл Әлемнің 38 медалі. Оның 23 алтын, 7 күміс және 9 қола.

Әлем Байдағұлов – джиу-джитсудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері:«Ең ауыр кездесу  жартылай финалда болды. Якуия спортшысы өте жақсы дайындықпен келген екен. Бастапқыда ұпай сандарымыз бірдей болды, мен соңғы 30 секундтта 2 ұпай алып, жеңіске жеттім.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login