Балқашта өткен жылу маусымында ескірген құбырлар 40 рет жарылған. Коммуналшылар артта қалған 6 ай қысты қорытындылады. Әкімдікте жауапты мамандар депутаттар алдында есеп беріп, келесі маусымға дайындықты бастағандарын жеткізді.
Биыл жылу маусымы 12 қазаннан басталып, 15 сәуірге дейін созылды. Осы 6 ай ішінде 40-тан аса апатты жағдай тіркелген. Ең көбі Қоңырат мөлтек ауданында. Горняцкая және Балхашская көшелерінде ескірген құбырлар 11 рет жарылып, коммуналшыларды әбігерге салған. Ал қала бойынша Қазбекова көшесінде жылу желісі 6 рет сыр беріпті. Деседе мамандар апаттың көзін дер кезінде жойып, жылу маусымын ойдағыдай өткізгендерін айтуда.
Жылу маусымы аяқталысымен «Су Жылу Транс» мекемесі келесі қысқа дайындықты бастап кетті. Қазір қала бойынша 3 учаскеде жұмыс істеуде. Соның бірі — Спицин көшесі. Өткен қыста 3 үйдің маңындағы жылу құбыры 4 рет жарылған. Апатты болдырмас үшін ұзындығы 200 метр магистраль құбырын ауыстыру қажет.
Сұлтанғазы Серіков – «Су Жылу Транс» кмк участкесінің шебері: Келесі жұмысымыз трубаны дайындап, краскелеп, бояп салуға дайындаймыз. Екі жұманың ішінде Спицинаның бітірсек, Мусина көшесіне ауысамыз
Жалпы келесі жылу маусымына дейін қала бойынша тозығы жеткен 9 км құбыр жаңасына ауыстырылады. Ал Қоңырат мөлтек ауданы мен Саяқ кентінде 6 км жылу желісі жаңаланады. Бұл жұмыстарға «Су Жылу Транс» мекемесі 180 млн. тг қаражат бөліп отыр.
Амангелді Тойымбеков – «Су Жылу Транс» КМК өндірістік техникалық бөлім басшысы: Қыс кезінде мкрн сатбаева 7 үйден тұрғындардың өтініші болған. Спицина 3-ті бастадық. Ағыбай барыр көшесінде 24, 22 үйді және Сабитовада 20, 22, 24 үйдің маңайындағы жұмыстарды жасап жатырмыз»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login