Балқаштықтар ағылшын тілін тегін үйрене алады. Қалалық тілдер орталығы тұрғындарды курсқа қабылдауда. Тегін оқыту 15-ші сәуірден басталмақ. Өтініштер Қараменде би көшесіндегі 10-шы үй бұрынғы сәулет бөлімінде қабылданады. Тіл үйренемін деушілерге өздерімен бірге куәлігін ала барса жеткілікті. Қала тұрғындары мен қоса ұйымдар да оқуға жазыла алады. 2.5 ай өткеннен кейін курсқа қатысушылар сынақ тапсырып , сертификатқа ие болады. Айта кетсек, жыл басынан бері қаламызда 130 адам «Тілдер орталығында» тіл үйренген. Оның 60-ы қазақ тілін меңгерсе, 70-тұрғын ағылшын тілін оқыған.
Айнаш Далабаева – ағылшын тілінің оқытушысы:
«15-ші сәуірден бастап мемлекеттік тіл және ағылшын тілі курстары басталады. Қазірден бастап жазылуға болады. Бұл курсқа қала тұрғындағы , ересек тұрғындар және әр түрлі мекемелер қатыса алады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login