Балқашта театр пайда болуы мүмкін. Қаламызда кішкентай әртістерді дайындап жүрген «Жар птица» театрландырылған балалар үйірмесіне жаңа атақ берілмек. Шығармашылық ұжым Шет ауданына барып Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырлған облыстық байқауда бақ сынап қайтты. Әділ қазылардың шешімі бойынша Балқаштық өнерпаздар келесі кезеңге жолдама алды. Енді 20 маусым күні қарағандыдада өтетін шешуші сайыста жерлестеріміз жақсы өнер көрсетсе, «Жар птица» балалар үйірмесіне театр атағы беріледі. Жалпы, үйірменің ашылғанына 5 жыл болған. Қазіргі таңда құрамында 7-ден 13 жасқа дейінгі 15 бала бар.
Чубарь Марина – «Жар птица» балалар театрландырылған үйірменің режиссеры
«Әділ қазылар балалардың әртістік қабілетімен бірге декорация, костюмге де аса мән берді. Енді театр атауын алып жатсақ, қатарымызға кәсіби оқытушыларды аламыз. Ересектер тобын ашу да жоспар да бар».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login