3 Б автобусы қайта жолға шығады. Саяжай маусымының басталуына Балқаш пен Ақ тас аймағына қатынайтын қоғамдық көлік 15 сәуірден жүре бастайды. Әзірге бір автобус таңертең және кешке жолаушыларды тасымалдамақ. Бірінші рейс теміржол вокзалынан сағат таңғы 8:40-та басталып, 10:20-да, 2-ге 20 қалғанда және 3-тен 20 кеткенде жүреді. Бұл кесте 1 мамырға дейін сақталады. Одан кейін тағы бір автобусы қосылады. Әзірге қоғамдық көліктің соңғы аялдамаға дейін баратындығы немесе бармайтындығы белгісіз. Қазір тасымладау қызметінің басшылғы бұл мәселені қарастыруда.
Алексей Макаров – «АП Тұлпар»ЖШС бас инженері: «Автобустың жүру кестесі соңғы 5 жылдан бері өзгерген жоқ. Тұрғындар шатаспау үшін жылда сол қалпында қалдырамыз. Ал, «Ақ тастың» соңғы аялдамасына дейін жүреміз бе, оны әкімшілікте қарастырылуда».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login