Балқаш жаңалықтары 03.04.2019

  1. Балқашта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дамыту және әлеуметтік бейімдеу орталығы ашылды. Үлкен жүрек бірлестігінің сауықтыру орталығы жаңа орынға көшті. Кең ғимаратты демеушілер сыйлаған. Тіпті ішінде жөндеу жұмысын жасапта береген
  2. Балқашта екі мыңнан астам үй жануарына түрлі ауруларға қарсы екпе салынды. Биыл міндетті екпе қатарына нодульдік дерматит вакцинасы қосылған. Бүгінге дейін 1000 бас жылқы мен сиырға және қой, ешкілерге  сібір жарасына қарсы екпе егілді.
  3. Талдықорған қаласында өткен жарыста зауыт қызметкері Орденбек Қуанышбеков Қарағанды құрамасының сапында облыс намысын қорғады. Жерлесіміз 80 келі салмақ дәрежесінде 8 спортшымен қол күрестірген. Финалда Павлодар облысынан келген спортшымен кездесіп, одан басым түседі. Нәтижесінде Орденбек Қуанышбеков армрестлингтен 80 келі салмақ бойынша республика чемпионы атанды.
  4. Балқаш қаласы туралы естеліктерімізді әрі қарай жалғастырамыз. Қала құрылысы енді басталғанда зауытта балқытылған мыстың сапасы мен сол кездегі жұмысшыға қойылған талап қандай болды? Бұл сұрақтың жауабын алу үшін бүгін біздің тілшілер өмірінің 54 жылын металлург қызметіне арнаған Тұрсын Қалиевпен кездесіп қайтты
  5. Балқаш қаласын үш сөзбен қалай сыйпаттар едіңіз? Шаһардың туған күніне орай бүгін біздің тілшілер осындай сұрақпен халық арасына шықты. Ал тұрғындар қандай жауап қатты? Оны сауалнама айдарынан көрелік.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login