Осынау бір сәттік өмірде жалт етіп сөнген тағдырлар аз ба?!
Өмір – өкініш, дүние – жалған деген қатыгез тағдырдың жазуымен жан досымыз Сапарғалиев Жаңабек Ғалымұлының арамыздан кеткеніне де 40 күн болыпты-ау! Уақытқа тоқтау жоқ екен, зуылдап күндер, сырғанап айлар өтіп жатыр…
Сенің енді қайтып оралмайтыныңа сенгіміз де келмейді. Амал не? Кеше ғана көз алдымызда жүрген досымыздың бүгін жоқ болғанына қалай сенерсің, қалай көнерсің.
Сананы түрлі ойлар мазалайды. Өкінішті… Өкініштісі сол, арамызда өзің жоқсың. Бұл күндері жүрегімізге өзіңе деген сағыныш. Бір Алладан артыңның қайырын сұрадық.
Алланың құрметіне бөленіп, пейіште нұрың шалқысын! Жаның жәннатта болсын, қымбатты да қадірлі ДОС!!!
Еске алушылар: достары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login