Қалалық «Ұлттық ойын-халық мұрасы» ұлттық ойындар жарысы

Балаларды ұлттық ойын арқылы татулыққа, адамгершілікке баулу. Бір — біріне деген сыйластығын, достық қарым қатынасын нығайту. Ұлттық ойын арқылы салт — дәстүрлерді сақтай білуге тәрбиелеу және ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында 2019 жылдың 27 наурыз күні Оқушылар сарайында қала мектептері арасында «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты ұлттық ойындардан жарыс өткізілді.

Жарысқа 9 қала мектебі мен Саяқ кентінің №6 орта мектебі қазақтың ұлттық ойындары «Арқан тартыс», «Қол күрес», «Бес асық», «Ләңгі», «Тоғызқұмалақ» ойындарынан күш сынасып, сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Бас жүлде – ЖББ №16 орта мектеп

І орын — Абай атындағы №2 лицей

ІІ орын — ЖББ №1 орта мектеп

ІІ орын – ЖББ №25 орта мектеп

ІІІ орын — ЖББ №24 орта мектеп

ІІІ орын — ЖББ №6 орта мектеп Саяқ кенті

«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» номинациясымен ЖББ №9 орта мектеп, «Ұшқыр ой» номинациясымен №2 мектеп-интернаты, «Білек күші» номинациясымен ЖББ № 5 орта мектеп марапатталды.

Ұстаз-ұйымдастырушы Тогайбекова Г.К

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login