Осы сенбіде Балқашта тік және тоқ ішек аурулары бойынша ашық есік күні өтеді. Шағымы бар тұрғындарды окнолог дәрігер қабылдайды. Медицииналық шара 30 наурыз күні Сейфуллин көшесіндегі кеңестік диагностикалық орталықта ұйымдастырылады. Онколог дәрігер денсаулығына шағымы бар тұрғындарды таңғы сағат 9 дан бастап түскі 12 ге дейін кезек бойынша қабылдайды. Қабылдау 2 қабатта 202 кабинетте жүргізіледі.
Виталий Омаров-№1 емхананың профилактика және әлеуметтік психологиялық бөлім меңгерушісі
«Тұрғындар өздерімен бірге жеке куәліктерін ала келулері қажет. Алдын ала жазылудың керегі емес, қабылдау кезек бойынша жүргізіледі. Шағымы бар барлық қала тұрғындары келе алады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login