Балқаштық футболшылар облыстық турнирде 3 орынға ие болды. Қаламызда Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Абай, Приозерск қаласы мен Ағадыр кентінің теңбіл доп шеберлерінің басын қосқан «Бәйшешек» облыстық турнирі өз мәресіне жетті. Финалға 13 команданың арасынан, 4-уі шықты. Балқаштық «Металлург» және Шахтинсктен келген «Спартак» командасы қола жүлдеге таласты. Ойын барысында қақпаға ешқайсы гол сала алмады. Содан пенальти сериясында жерлестеріміз айып добын соғып, үшінші орынға ие болды. Ал, қарағандылық «Жастар» мен Теміртаудың балалар және жасөспірімдер спорт мектебінен келген футболшылар чемпиондыққа таласты. Нәтижесінде, 1:0 есебімен қарағандылықтар жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, өздерін жақсы жақтан көрсете білген балқаштық үш ойыншы облыстық құрамаға енді.
Серікбол Бектұрғанов – футболдан «Бәйшешек» облыстық турнир төрешісі
«Турнирдің аяғында облыс құрамасы құрылды. Олар маусымның 10-шы жұлдызында Тараз қаласында өтетін республикалық чемпионатқа қатысады»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login