Аяулы ана, асыл жар, ардақты әже, руы -Шомақ, Әмірбеков Жұмағазы Арыстанұлының жұбайы, руы — Қожа, Өміртайқызы Салтанаттың өмірден өткеніне 1 жыл болды.
Ардақты анамызды еске алып, құран бағыштап, жылдық асын береміз.
Ас 16 наурыз күні сағат 11.00-ден бастап «АТИЛЛА» дәмханасында беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, Нарманбет, Қарасу ауыл тұрғындарына, көршілерге, балаларының, бауырларының еңбек ұжымдарына, анамызбен дәмдес болған барша жамағатқа хабарлаймыз.
Ас беріп, еске алушылар: жолдасы – Жұмағазы, ұлдары – келіндері, қыздары – күйеу балалары, немере – жиендері, бауырлары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login