Балқаш жаңалықтары

1.Балқаштықтар туғанынан көз жанарынан айырылған Ислам Тұрсынның еміне 200 мың теңге жинап берді. 5 жастағы бүлдіршінге осымен 6 –шы рет ота жасалмақшы. Оның екеуін былтыр ресейлік мамандар жүргізген. Қазір ұл баланың көзі көре бастаған. Балабақшаға да барып жүр. Өз бетімен тамақ ішіп, конструктор да құрастырады. Исламның жетістіктері жайлы толығырақ бейнематериалда

2. Балқаш қалалық соты қоғамдық жұмыстан жалтарған сотталушыны 25 күнге қамауға алу туралы шешім шығарды. 28 жастағы балқаштық енді 1 айға жуық уақытын  уақытша ұстау изоляторына өткізеді

3.Жер қатынастары саласында көрсетілетін мемелекеттік қызметтер қатары толықты. Бұрын 16 болса, қазір 21. Жаңадан қосылған  5 мемлекеттік қызметті  атап  айтап өтсек. Біріншісі бұрын пайдалануға берілген жер учаскесін  жекменшікке сатып алу. Екіншісі жердің ақысын бөліп төлеу. Үшінші  сатып алу келісім-шартын жасасу. Соңғысы жер учаскесін алу үшін кезекке тұру. Енді осы 4 қызмет ауыл шаруашылығы министірлігінің бұйрығы бойынша мемлекеттік қызмет болып табылады.

4. 15 наурыз күні мамандар мен кеңесшілер оқушылар сарайында көпбалалы ата-аналармен сағат 16:00-де кездесу өткізеді. Тұрғындардың сұрағына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің мамандары және қала әкімінің орынбасары жауап береді. Кездесуде 4 немесе одан да көп бала асырап отырған аналарымыз қашаннан бастап автобуста тегін жүретіні айтылады, Одан басқа балабақаша ақысын төлеу бойынша қандай жеңілдік жасалатыны жарияланады. Сонымен қатар бизнес ашу үшін мемлекеттен қандай көмек көрсетіледі, деген сұрақтар талқыланып, толық жауап беріледі.

5. Балқаштық студенттер бауырсақ пісіруден жарысты. Балқаш маңызды білім беру колледжінде дәстүрге арналған байқау өтті

6.Балқаштық каратэшілер халықаралық турнирден жүлделі орындардың барлығын иеленіп қайтты. Қала намысын қорғауға барған балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен «Шығыс» жауынгерлік өнер мектебінің тәлемгерлері қоржынға 7 алтын, 3 күміс және 4 қола салды. 8 жастағы Айяна Елтаева 23 келі салмақ дәрежесінде үш мәрте чемпион атанды. Жарыс нәтижесінде Айяна Елтаева, Анель Мерекеева, Ульяна Кеңесқалиева 3 категория бойынша 7 алтын медальға ие болды. Тағы екі балқаштық 3 күміске ие болса, 4 спортшы қоланы қанағат тұтты. Бұдан бөлек Светлана Филиппова мен Нұртілеу Мұрат қара белбеуді қорғап шықты

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login