Балқашта үш бірдей өрт болды. Ауқымды өрт оқиғасы зауытта түскі 12-лер шамасында болды. Мердігер мекеме ғимаратта демонтаж жүргізіп жатқан. Құрылыс жұмыстары кезінде қоқыс өртеніп, қызыл жалын төбеге шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Тағы екі өрт оқиғасы Спицына көшесінде болды. Сағат 14:30 –да 3-үйдегі пәтерлердің бірінде электр пештің қысқа тұйықталуынан үйді қара түтін алып кеткен. Абырой болғанда қызыл жалын тұтанбады құтқарушылардың да көмегі керек болмады. Ал, кешкі 9:30-дар шамасында көрші аулада жеңіл көлік өртенді. «Ауди» маркалы автомобильдің жүргізушісі өрт сөндіргіш құралмен өзі тілсіз жауды ауыздықтаған.
Қарағанды экономикалық соты Ленин көшесі жолының сапасын тексеру үшін сараптама тағайындады. Асфальт жабындысын зерттеуден өткізу қарағандылық компанияға жүктелді. Ал мамандар қашан келмек? Көпті алаңдатқан Ленин көшесінің тағдыры не болмақ. Толығырақ бейнематериалда.
Балқаш қаласының бюджеті 730 млн теңгемен толықты. Бұл қаржы өткен жылы артылып қалған. Әкімдікте қалалық маслихаттың 27 кезекті отырысы өтті. Онда қала бюджетіне өзгерістер енгізілді. Депутаттар әсіресе коммуналдық сұрақтарға жауап беретін қала әкіміне сұрақты қарша боратты.
Қазақстанда көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы көлемі 70 пайызға, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жандарға төленетін төлем 30 пайызға өседі. Осы және өзгеде өзгерістер жайлы балқаштықтарға облыс маслихатының депутаттары Александр Аларин және Айман Түкбаева түсіндірді.
Жыл басынан бері үш мыңнан астам балқаштыққа 13 млн аса айыппұл салынды. Қазіргі таңда заң бұзушылар бұл соманың тек жартысын ғана төлеген. Полицейлер балқаштықтарға ескерту жасау үшін рейдке шықты.
Балқаш тұрғындары қойма салу үшін талдарды кескізіп жатқан кәсіпкерге қарсы наразылық білдуріде. «Балқаш Универсал» мекемесінің жұмыскерлері берілген тапсырма бойынша Әлімжанов көшесінің бойында 30 жылдан бері өсіп тұрған талдарды кесіп тастады. Анықталғандай кәсіпкер бұл орынға қойма салмақ. Ол ереже бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылығынан талдарды кесуге рұқсат алған. Енді заңға сәйкес дүкен қожайыны 9 талдың орнына басқа жерге 45 тал отырғызуға міндетті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login