1.Балқашта салықты уақытылы төлемей келген, 24 кәсіпкер өсімақыдан босатылды. Биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында негізгі салықты төлеген шағын және орта бизнес субъектілерінің өсімақылары мен айыппұлдарын кешіру туралы айтқан болатын. Осыған байланысты Балқаш қаласында да амнистия жүргізілуде. Бүгінге дейін амнистияға 24 балқаштық ілікті. Олар 400 мыңға жуық өсімнен құтылған. Еске сала кетейік, кәсіпкерлерге кешірім қылу осымен 4-рет ұйымдастырылып отыр. Соңғы рет осыдан 5 жыл бұрын 2014 жылы жүргізілген.
2. Демалыс күндері балқаштықтар масленица мейрамын тойлады. Қысты шығарып салып, шуақты көктемді қарсы алу мерекесі мәдениет сарайының алдында өтті. Қала тұрғындары би билеп, ән айтып көңіл көтерді. Тәтті құймақ та таратылды. Толығырақ бейнематериалда.
3. Балқашта наурыз мерекесіне орай түрлі байқаулар өткізілмек. Соның бірі ең үклен бауырсақ конкурсы. Оған шағын және орта бизнес өкілдері қатыса алады. Талап бойынша 21 наурыз күні қатысушылар елге ұлтық тағамды таратуы тиіс. Кімнің баурысағы мол, дәмді әрі қаптамасы ерекше болса сол жеңімпаз атанады. Келесі байқауға 7-80 жас аралығындағы қала тұрғындары қатыса алады. Басты талап бата бере білу. Сондай-ақ Ұлыстың ұлы күніне орай «наурыз жұлдыздары» байқауы ұйымдастырылады. Онда әншілер мен түрлі аспапта ойнайтын музыканттар бақтарын сынайды. Байқауларға қатысты толық ақпаратты 6-00-03, 7-57-94 нөміріне хабарласып біле аласыздар.
4. Балқаштық кикбоксшылар республикалық және облыстық чемпионаттан 8 медальмен оралды. Екі алтын және бір қоланы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің балалары иеленді. Тағы екі алтын мен үш қоланы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің тәрбиеленушілері әкелді. Республикалық турнирде 60 келі салмақ дәрежесінде шыққан Әділ Мұратов чемпион атанды. Сұлтан Қарбеков респбликалық жарыста алғаш рет алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар, Кирам Жүнісов, Дарын Кенжебеков және Батыр Жамбылов қола медальды қанағат тұтты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login