1. Балқашта зауытқа барар жолда екі жеңіл көлік соқтығысып қалды. Алдын ала болжам бойынша, Лексус қала жақтан комбинатқа қарай бара жатқан. Ал, Ниссан автомобилі керсінше зауыттан жоғары қарай көтеріліп келе жатады. Бір кезде джиптің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарама қарсы бағытқа шығып кеткен. Содан жапондық көлік қарама-қарсы бағыттағы кроссоверге келіп соғылады. Ниссан көлігінің жүргізушісінің қатты соққыдан бас миы мен іш-құрылысына қатты зақым келіп орталық ауруханаға жеткізілді.
2. Балқашта өткен жылы туберкулез ауруына шалдыққандар саны көбейген. Қазір қаламызда осы дертке қарсы айлық өтуде. Балқаштықтардың денсаулығын тексеру үшін жылжымалы медициналық кешен жолға шықты. Мамандар Балқаш бекетінде болып, ондағы тұрғындарды флюрографияға түсірді. Әрі қарай Қоңырат м\а, Техснаб кентіне және Жұмысшылар кентіне барады.
3. 8 наурыз арулардың мейрамы жақындап келеді. Мереке қарсаңында еліміздің дамуына елеулі еңбек сіңіріп жүрген нәзік жандылар туралы айтуды жөн көрдік. Кейіпкеріміз 40 жылдан астам уақытын медицинаға арнап келе жатқан Гүлфиза Абжаппарова. Жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі бұл мамандыққа қалай келді, қызметі қаншалықты жанына жақын? Толығырақ бейнематериалда
4. Денсаулық сақтау министрі «Салауатты үзіліс» деп аталатын жаңа челлендж бастады. Ұйымдастырушылар күні бойы отырып жұмыс істейтін қызметкерлерді 5 мин жаттығу жасауға шақыруда.
5.Балқаштық боксшылар облыстық чемпионаттан жеңіспен оралды. Қарағандыға қала намысын қорғауға барған 5 спортшының бесеуі де жүлдеден құр қалмады. Қара алтынның қаласында 13-14 жастағы жасөспірімдер арасында өткен жарыс 5 күнге созылды. Нәтижесінде, Балқаштан барған Мадияр Тайпақов 54 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. 42 салмақта шаршы алаңға шыққан Елжан Жұмашев күміс медальға ие болды. Тағы 3 балқаштық қоланы қанағат тұтты. Жарыста жақсы нәтиже көрсеткен 3 боксшы сәуір айында Павлодар қаласында өтетін аймақтық чемпионатқа барады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login