Ардақты да аяулы әке, адал жар, қимас бауыр Мақұлбеков Құрманғазы Төлеуғазыұлының бұл фәниден бақиға өткеніне 40 күн болады.
Қырық күндік асы 2 наурыз күні Қарағанды қаласы 12.00-де «ТҮРКІСТАН» мейрамханасында беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, көршілерге, танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.
Бауырымыз туа біткен қасиетінен мейірімді, еңбекқор, ақкөңіл, парасатты. Бауырларына, ағайын, туған-туыс, көрші-қолаң, барша халыққа қадірлі еді. Бір әулеттің ордасы, ұйытқысы, демеушісі болып отырған Құрманғазы бауырымызды еске ала отырып, Алладан рақым, Пайғамбарымыздан шапағат, топырағың торқа, жаның жәнатта болсын деп дұға бағыштаймыз.
Ас берушілер: Мақұлбековтер әулеті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login